«БИЗНЕС ТІРЕГІ» ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ

37

0

Бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау мақсатында, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен   «Бизнес тірегі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба арқылы кәсіпкер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында өзіне қатысты тексерудің нақты тіркелгенін, жоспарлы тексеру тағайындаудың негізділігін біле алады.  
Ол үшін комитеттің (www.pravstat.kz) сайтында орналасқан ақпараттық сервистің «Кәсіпкерлерге қатысты тексерулер тіркеу туралы ақпарат» бөлімінен кәсіпкер өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерудің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелген актісінің нөмірі, тіркеудің растығын, органның атауын, тексеру мәселесі мен кезеңін, сонымен қатар, мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы туралы деректерді білуіне болады.
Бұнымен бірге, кәсіпкер осы жерде тексеріспен келген органның тексеру парағы және тексеру тәртібі, кәсіпкердің де, тексерушінің де  негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген жадынамамен таныса алады. Сонымен қатар, тексеру туралы мәліметті тіркеу нөмірін жазып 1012 қысқа нөміріне SMS байланысқа жолдау арқылы жедел ақпарат алуға болады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тексеруді тағайындау туралы актінің деректер базасына кіретін  тіркеу нөміріне 14 санды нөмір енгізіледі. Бұл нөмірдің алғашқы  тоғыз саны жылдың, аймақ және органның кодын білдіреді, ал бөлікшеден кейінгі соңғы бес сан актінің реттік санын көрсетеді.
Бұл хабарламаны кәсіпкерлер комитеттің portal@pravstat.kz электрондық мекен-жайына жолдауларына болады. Аталған хабарламалар прокуратура органдарының жедел топтары тарапынан ықпал ету үшін комитеттің облыс бойынша басқармасының электрондық мекен-жайына түседі.
Басқармада келіп түскен хабарламаларға күнделікті талдау жасалып, заңбұзушылықтар туралы облыс прокуратурасында құрылған жедел топқа хабарланады. 
Бұл жедел топтардың құрамына облыстық прокуратура, комитеттің облыс бойынша басқармасы қызметкерлері, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Сондықтан, кәсіпкерлер тарапынан заңсыз тексеру немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің  заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы арыз-шағым, хабарлама түскен жағдайда, жедел топ оқиға болған жерге барып, шұғыл шара қолданады.  
Н.ЕРМҰХАМЕТҰЛЫ,
Қызылорда гарнизоны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі статистик-бас маманы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз