БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

51

0

Қазақстанда
әлемдік деңгейдегі 2 колледж және өңіраралық 4 колледж ашылады. Бұл туралы кеше
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Кәсіпқор» холдингі»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Эльдана Сәдуақасова
мәлім етті.

«Біз әлемдік деңгейдегі 2 колледж ашуды
қолға алып отырмыз, олардың құрылысы Алматы мен Астанада салынып жатыр», – ол
өз сөзінде. Оған қоса, еліміздің тағы 4 қаласында өңіраралық орталықтар
ашылады, оның ішінде Атыраудағы орталық өз жұмысына кірісіп те кетті.
Атыраудағы орталықтың жұмыс істеп жатқанына осымен екінші жыл, қалған 3 орталық
Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларында салынып жатыр.

Қазір Қазақстанда шетелдік әріптестермен
бірлесе отырып, білім беру жүйесінде түбегейлі жаңа бағыттың негізі қаланып
жатыр. Әлемдік деңгейдегі колледждер ашу бастамасы соның айқын дәлелі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз