«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ

68

0

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІОсыдан
19 жыл бұрын Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар
университетінің базасында ашылған «Болашақ» университеті елімізге белгілі
білім, ғылым және мәдениеттің орталығына айналды. Университетте білім беру 42
бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 10 кафедрада,
техникалық және кәсіптік білім беру, медицина мамандықтары бойынша 2 колледжде
жүргізіледі. Бүгінде оқу орны еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қоғам мен
мемлекет үшін өзектілігі басым әрі қажеттілігі мол жоғары дәрежелі кадрлар
даярлауға мән беріп отыр.

Соңғы
жылдары университет стратегиялық жоспарға сәйкес бірнеше жетістіктерге жетті.
Заман талабына сай салынған жаңа оқу ғимараты университеттің
материалдық-техникалық базасын кеңейтті. Жаратылыстану және техникалық
мамандықтар бойынша ғылыми-зерттеу лабораториялары іске қосылды. Халықаралық
ынтымақтастықты дамыту бойынша шет елдік жоғары оқу орындары, ғылыми
институттармен баспа орталықтарымен келісім-шарттар жасалып, бірлескен
жұмыстардың ұйытқысы бола білді.

Университет
жақында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің
институционалдық аккредитациялауынан сәтті өтіп, куәлігін иеленді. Ұлттық және
халықаралық деңгейде аккредиттеу шаралары мен академиялық ранжирлеу арқылы
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды
мақсат еткен агенттік бүгінгі таңда еліміздегі 41 жоғары оқу орнын
аккредиттеді. Елімізге танымал Алматы, Астана қалаларындағы бірнеше жеке оқу
орындарымен қатар, аталмыш куәлікті иелену университет ұжымы мен студенттерінің
еңбегі деп білеміз.

Университет
Қазақстан Республикасының әлеу­меттік-саяси дамуы басымдықтарына сәйкес, ке­шенді
іс-шаралар негізіндегі алдағы бесжылдыққа дамудың стратегиялық жоспарын жасады.
12 бөлімнен тұратын жоспар университет келешегінің жаңа баспалдағы болмақ.

Мұрат
Насимов,

саяси ғылымдарының кандидаты,
«Болашақ» университеті ректоры міндетін атқарушы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз