БОЛАШАҚҚА АЙҚЫН БАҒДАР

144

0

Елбасының жуырда жарияланған «Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол» атты Жолдауы әрбір ұжымда талқыланып, маңызы түсіндіріліп жатқаны белгілі. Сондай
шараның бірі №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында да
өтті.

Мектеп-интернат қызметкерлері түгел
қатысқан жиында директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Әлия Алпысова сөз алып, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа
бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басым бағыттар мен
нақтыланған міндеттерге тоқталды.

– Дүркін-дүркін айналып соғып жатқан
қаржылық дағдарыс Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді экономикалық бағытын
қайта қарап, даму жолын бір електен өткізіп алуды талап етіп отыр. Сондықтан да
«Нұрлы жол» деп аталатын биылғы Жолдауда ең алдымен елдің жағдайы, аласапыран
кезеңде халықты қиыншылыққа ұрындырмай аман алып шығу басты міндет ретінде
қойылып отыр,– дей келе, Әлия Алпысова тарихи құжатта нақтыланған жеті
басымдыққа жеке-жеке тоқталып өтті.

Әсіресе, Жолдаудағы жол инфрақұрылымын
жақсарту, қолжетімді баспана мәселесін тұрғындар пайдасына реттеу және
кәсіпкерлікті дамыту туралы айтылғандары көңілге қонды. Сонымен бірге,
Елбасының елімізде үш ауысымды мектептер проблемасын шешу, мектепке дейінгі
тәрбие беру орындарымен қамтамасыз ету тапсырмасы да қуантады.

Жадыра ӘБІЛОВА,

№4 облыстық дарынды балаларға
арналған мектеп-интернат тәрбиешісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз