«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

79

0

Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына» сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары репродукциялы сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында облысымызда 8 тұқым шаруашылығы жұмыс жасап келеді.

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік  көрсетілетін қызметі бойынша өтінім  қабылдау  және   нәтижесін беру: «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz  арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Бірегей тұқымдар өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын және тұқым өткізушілерді аттестаттауды жергілікті атқарушы орган Қағидаларға (жоғарыда аталған), қызмет түріне сәйкес аттестаттау туралы куәлікті бере отырып, жүргізеді.

 Аттестаттау туралы куәлік қызмет түріне сәйкес бірегей тұқымдар өндiрушiлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына және тұқым өткізушілерге Қағидада қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлікті алу үшін Қағиданың 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсынады. Олар:

1) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүргізу туралы өтініш;

2) Қағиданың 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес бірегей тұқымдар өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына және тұқым өткізушілерге тиісінше қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.

Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі өтініш беруші Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы сандық және сапалық сипаттамаларды өзгертуге бағытталған қарқынды реформалау кезеңін бастан кешіруде. Мәселен, алғаш рет «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы заңнамалық деңгейде айқындалды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, оларды көрсету стандарттары мен регламенттері бекітіліп, кеңейтілуде. Мемлекеттік корпорация мен электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Мемлекеттік қызметті алу үшін веб порталдарды пайдалану мемлекеттік қызметті алуды жеңілдетеді. Яғни, қазіргі кезде рұқсат құжаттарына өтінімді үйден шықпай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асыруға болады.

Облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының тұқым шаруашылығы 

және астық инспекциясы бөлімінің 

бас маманы                                                                                   С. Сыздықова     

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз