БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

60

0

Жуырда Қызылорда облы­сы­ның қылмыстық істер жө­нін­дегі
мамандандырылған ауда­наралық соты таныс қызын өлтіріп, денесін суға лақтырып
жіберген бұрынғы полиция қыз­меткеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Аталмыш
соттың кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сәрсенбаеваның хабар­­лағанындай, басты сот
талқылауында сотталушы кінә­сін толық мойындап, қайтыс болған қыздың
ата-анасынан кешірім сұраған.

Сот тергеуінде ол жәбір­ленуші қызды бұрын танитынын,
онымен жақын қарым-қатынаста болғанын, бірақ қыз бірнеше рет оны ұрды-соқты деп
арыз жазып, одан кейін қайта-қайта ақша сұрап мазалағандықтан отбасын сақтап
қалу үшін қызбен араласуды қойғанын айтты. Бірақ екі жылдан кейін қыз оған
телефон соғып, «бұрынғының бәрін ұмытайық, қайтадан кездесейік” деген соң
келісім береді. Сөйтіп түн мезгілінде ол өз автокөлігімен қыздың үй жағына
келіп, оған телефон соғады. Қыз шыққан соң екеуі кент сыртына шығады. Сол жерде
құқық қорғаушы оң қолымен қыздың мойнын қысып, қылғындырып тұрып, сол қолының
жұдырығымен оның ішінен бірнеше мәрте ұрған. Осы кезде қыздың үні шықпай
қалған. Енді тіл тартпай кеткен қыздың денесінен құтылмақшы болып, оны
автокөліктен шығарады да, екі қолын артына қайырып байлап, жіптің екінші
бөлігімен аяғынан байлап, каналға домалатып, суға тастап жібереді. Мәйіт үш күн
өткен соң табылған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған аудан­ара­лық соты айыпкерді ҚР ҚК-нің 96-бабының 1 бөлігімен
кінәлі деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң
режимдегі түзеу колониясында өтеуді белгіледі. Одан басқа полиция майоры шенінен айырды.

Үкім заңды
күшіне енген жоқ.

 

Бақтыбай
БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз