ҰБТ: ҮКІЛІ ҮМІТ

84

0

ҰБТ: ҮКІЛІ ҮМІТ

Міне, биылғы мектеп
бітірушілердің сыналар сәті де келіп жетті.
Үстіміздегі жылы облыстың орта білім беретін мектептерінен 7064 түлек
жаңа өмірге қанат қағады. Олардың
5103-і Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға
өтініш берді. Ал Қызылорда қаласы бойынша биылғы оқу жылында 1969 оқушы 11
сыныпты бітірді. Оның 1706-сы, яғни 86,6 пайызы ҰБТ-ға қатысуға ниеттенген болатын. Биылғы түлектердің 249-ы – «Алтын белгіге”, 65-і «Үздік
аттестатқа” үміткерлер қатарында.

Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті мен «Болашақ”
университетінің оқу
ғимараттарындағы ҰБТ-ны ұйымдастыру
базасында мемлекеттік сынақтың алғашқы легі өз жұмысын сәтті бастады.
Қаладағы орта мектептердің 1271 бітірушісі осы жоғары оқу орындарының базаларында
өз бақтарын сынға салды.

– ҚМУ-дың базасы негізінде Сырдария ауданының 17
мектебінің және Қызылорда қаласының 37
мектебінің бітірушілері ҰБТ-дан екі
лекпен өтеді, – деді №69 тестілеу орталығының
жетекшісі Бақытжан Жанмолдаев. – Кеше алғашқы лекпен қала
мектептерінің 789 бітірушісі ҰБТ-дан
өтті.

Әрине, ҰБТ-ға дайындық
жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Бір ғана ҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында 11 дәрісхана дайындалды. Оның 10-ы тестілеу барысында пайдаланылса, 1-і
қосымшаға қойылды. Дәрісханалардың барлығы салқындатқыш аппараттармен
жабдықталған және санитарлық талаптарға сай келеді, арнайы медициналық көмек
көрсету бөлмесі бар. Сонымен қатар дәрісханалар металлізде­гіш­тер­мен,
ұялы бай­ланыстарға тосқауыл қоятын құралдармен және бейнебақылау камераларымен
жабдықталған. Дайындық жұмыстарын жыл бойы жүргізген «Болашақ” университетінің
ғимаратында да қала мектептерінің 482 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

ҰБТ-ның алғашқы қорытындылары
да келіп жетті. Тест сұрақтарына жақсы
жауап беріп, ойдағыдай балл жинаған талапкерлер де баршылық екен. Демек, облыс
мектептерін биыл бітіруші түлектердің орташа көрсеткіші өткен жылдармен
салыстырғанда жоғары болады деп
сенейік!

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз