ҰБТ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

48

0

Санаулы күндерден соң мектеп түлектері үшін ең жауапты кезең ҰБТ басталады. Осыған орай, 18 мамыр күні республика бойынша «Жасөспірімінің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы болып өтті. Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы мен Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу институтының ұйымдастыруымен болған шараға бір мезгілде Қызылорда қаласынан 12 мектеп қатысты.

№2 Мұрагер мектебінде болған жиында қалалық бі­лім бөлімінің басшысы Ма­рат Аралбеав жиылған көп­шілікке ҚР Білім және ғы­лым министрлігінің вице-ми­ни­ст­рі Тахир Балықбаевтың құт­­тықтау сөзін жеткізді. Мұ­нан соң Астана қаласының От­басылық тәрбиелеу инс­ти­тутының өкілі Аягүл Түсі­пова сөз алып, отбасы құн­дылықтарын, ауқымды тақы­рыптағы жиынның теңдесі жоқ бірегей оқиға екенін айтты. Ал психолог мамандар Роза Бисембина мен Балжан Смағұлова ата-аналарға психологиялық тұрғыдан кеңінен кеңес беріп, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің қаншалықты маңызды екенін баяндайтын қысқаша бейнефильмдермен таныстырды. Сондай-ақ, әрбір оқушының жаңа қадамы болып табылатын сынақ барысында жасөспірімге көмек ең алдымен ата-ана тарапынан болу керектігін, тестке дайындық кезінде балаларға артық талап қоймай, олардың бойына үрей тудырмай, керісінше, қолдау көрсетіп, үнемі сабырлыққа шақыру қажет екендігін баса айтты.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткен басқосуда ата-аналар мен ұстаздардың, психолог мамандардың арасында отбасы институтын нығайту мақсатында кеңінен әңгіме өрілді.

 

М.ОТАРАЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз