БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

73

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің 2014 жылғы 20
наурыздағы №12-11-7/2658 хатына және
2014 жылғы 26 наурыздағы қаулысына сәйкес «Қызылорда қалалық білім бө­лі­мі»
мемлекеттік мекемесіне қарасты мектеп қыз­меткерлеріне есептелген және
аударылған жал­ақы­ларының дұрыстығына жүргізілген бақылау ар­қы­лы 27488,1 мың
теңге сомасындағы қаржылық бұ­зушылықтар анықталды.

Бақылау
барысында мектеп қызметкерлеріне еңбекақыға, өтемақыға және еңбекке жарамсыздық
парағы бойынша төленген төлемдерді әрбір қыз­мет­кер бойынша толық салыстыру
барысында ҚР Үкi­метiнiң 29.12.2007 жылғы №1400 «Азаматтық қыз­метшілерге,
мемлекеттік бюджет қаражаты есе­бінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қа­зы­налық
кәсіпорындардың қызметкерлеріне ең­бекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының та­лап­тары
басшылыққа алынбай 2013 жылдың қара­ша желтоқсан айларында 20 мектеп бойынша
(№6, №11, №138-179-Казрис, №189-145-интернат, №136, №7, №23, №144, №171, №172,
№176, №215-218, №222, №267, №268, №4, №9, №257, №112, № 261) еңбекақыға 19701,1
мың теңге және 6 мектеп бойынша (№144,
№172, №215, №222, №268, №4) біліктілік санаты бар, білімін жетілдіру курсында
оқып келген мұғалімдерге 1429,5 мың теңге
еңбекақы негізсіз артық аударылып, төленген.

Қазақстан
Республикасының 15.05.2007 жыл­ғы №251 Еңбек кодексінің, ҚР Үкіметінің
27.09.2007 жылғы №850 «Азаматтық қызметшілер лауа­зым­дарының тізбесін бекіту
туралы» қаулысының және Қазақстан Республикасының 30.06.1992 жылғы «Арал
өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік
қорғау туралы» № 1468-ХІІ Заңының талаптары сақталмай, 8 мектеп бойынша (№11,
№189-145-интернат, №136, №171, №172, №222, №267, №257) өтемақыға 3263,8 мың
теңге артық аудару арқылы негізсіз
төленсе, ҚР Үкіметінің 28.12.2007 жылғы №1339 «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» қаулысының
талаптары сақталмай, 9 мектеп бойынша (№6, №11, №189-145-интернат, №136, №23,
№144, №215-218, №222, №268) еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақыға
3093,7 мың теңге, барлығы 27488,1 мың теңге артық аудару арқылы негізсіз төленген.

Сонымен қатар
бөлімге қарасты бақылаумен қамтылған 34
мектеп бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 296,7 мың теңгенің дебиторлық және 34,3
мың теңгенің кредиторлық қарыздары құралса,
бақылау барысында 34 мектеп бойынша
19701,1 мың теңгенің дебиторлық
және 567,2 мың теңгенің кредиторлық қарыздары құралған және бұл қарыздар
«Қызылорда қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоғарғы құзырлы
орындарға тапсырған бухгалтерлік есептері мен баланстарында 2014 жылдың 1
қаңтарына дебиторлық және кредиторлық берешек шот есебі бойынша көрсетілмеген.

27488,1 мың
теңге бюджетке өтелуге тиіс болса, қабылданған шаралармен 27488,1 мың теңге кінәлі тұлғалардан
өндіріліп, жергілікті бюджетке аударылған және кінәлі лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі қаралып, қалалық білім бөлімі басшысының 2014 жылғы 20 мамырдағы
№79 санды бұйрығымен 11 қызметкерге «қатаң сөгіс» берілген.

Процессуалдық
шешім қабылдау үшін бақы­лау материалы Қызылорда облысы бойынша эконо­микалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне берілді.

Қаржылық
жолсыздықтар мен кемшіліктерді бол­дырмау мақсатында инспекцияда бекітілген
шаралар бойынша бақылау жұмыстары жалғаса береді.

 

І.ӨМІРЗАҚ,

№ 4 бақылау
бөлімінің басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз