БЮДЖЕТ: ОБЛЫСТЫҢ ӨЗІНДІК ТАБЫСЫ 47,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БОЛДЫ

39

0

бұл өткен
жылдың 8 айымен салыстырғанда 12,1 млрд. теңгеге артық

Облыс
бюджетінің 2014 жылғы 8 айының орындалу қорытындысы қалай? Біз осы сауалмен
облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Елена Шавроваға хабарласқан
едік.

Басқарма басшысы орынбасары­ның атап көр­сетке­ніндей,
үстіміздегі жылғы облыс бюд­жетінің көлемі 212 млрд. теңгеден асып түс­ті.
Салыс­тырмалы түрде айтсақ, бұл өт­кен жылғы облыс бюджеті көлемінен 36 млрд.
теңгеге артық. 2014 жылдың 8 айы­ның қорытындысы бойынша облыстық бюджет
кірісіне республикалық бюджеттің транс­ферттері мен кредиттерін есептегенде
152,3 млрд. теңге салықтар мен төлемдер түсті. Бұл жоспарланған болжамның 109
пайызын құрайды. Оның ішінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда рес­пуб­ликалық
бюджетті есептемегенде өзіндік табыс көлемі 12,1 млрд. теңгеге немесе үштен
бірінен астам өсіп, 47,5 млрд. теңгені құрады.

2014 жылдың бюджетін атқару бойынша
бекітілген бюджетпен салыстырғанда түсім көлемі 42,5 млн. теңгеге артты. Осы
оңды факторлар қосымша қаржыны аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағы­тына
жұмсауға мүмкіндік берді. Өткен кезеңде облыста 134,1 млрд. теңге жұмсалды. Бұл
өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 23,2 млрд. теңгеге артық. Жыл
ішінде бюджеттің барлық баптары бойынша шығын көлемі ұлғайды. Әлеуметтік салаға
арналған жалпы шығынның (білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік
қамсыздандыру) ішінде 2014 жылға 110 млрд. теңге немесе жалпы бюджет шығынының
51,9 пайызы жоспарланған болатын. Оның ішінде әлеуметтік сала нысандарының
құрылысына 14,7 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған еді. Сондай-ақ, облыстың
көліктік инфрақұрылымы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын дамытуға
тиісінше 11,8 және 25,4 млрд. теңге бөлінді.

Үстіміздегі жыл ішінде дебитор­лық және
кредиторлық берешектердің тұрақты түрде төмендеу көрінісі байқалуда. Сонымен
бірге бюджет қаржысын игеру бойынша да біршама оңды жағдай қалыптасты.

Облыс бюджеті табыс бөлігінің болжам көр­сеткіштерінің
сапалы орындалуы халық­тың өмір сапасын жақсартуға ықпал жасады. Осының
нәтижесінде облыс халқының жан басына шаққанда
шығыны 286 мың тең­ге, оның ішінде әлеуметтік сала бойынша 148 мың
теңгені құрады. Айрықша атап өтер­лігі, біздің облыстағы халықтың жан басына
шаққандағы шығыны республикадағы ең жо­ға­ры көрсеткіштің бірі болып табылады.

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз