БЮДЖЕТКЕ ӨНДІРІЛІП АЛЫНДЫ

62

0

Қаржылық бақылау ко­мите­тінің Қызылорда облысы бойынша инспекциясымен 2014 жыл­дың 9 айында 209 бақылау объектісінде барлығы 253 тексеру жүргізілген.

2014 жылдың 9 айында анық­талған жолсыз­дықтардың жалпы сомасы 6296493,9 мың теңге есептілікке қосылған, оның ішінде 1443561,1 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары және 4852932,8 мың теңгеге бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау ережесін бұзғандығы анықталған.

Анықталған қаржылық бұзу­шы­лықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жататын 5119311,0 мың теңгенің (анықталған жолсыздықтардың 81,4 пайызы) 5072240,2 мың теңгесі (99,1 пайызы) бюджетке өндіріліп, қалпына келтірілді.

Одан басқа, Қазақстан Респуб­ликасы 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы№1301 қаулысымен бекітілген «Мем­лекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Ережесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 қаулысымен бекітілген «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың талап­тары сақталмауынан бар­лығы 2202156,4 мың теңгеге бұзу­шылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер ететін 1090233,2 мың теңге және мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпейтін 1111923,2 мың теңге.

Қолданылған шаралар нәтиже­сінде 231 лауазым­ды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 1 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 51 лауазымды тұлғаға 5778,3 мың теңге көлемінде салынған айыппұлдың 5056,0 мың теңгесі бюджетке өндіріліп алынды.

Есепті кезеңде құқық қорғау органдарына барлығы 3155989,1 мың теңгеге анықталған қар­жы­лық заң бұзушылықтарымен 18 ба­қылау материалдары про­цессуалдық шешімдер қабыл­дау үшін жолданған, олардың ішінде 76945,4 мың теңге қар­жы­лық бұзушылықтардың 5 ба­қылау материалдары бойынша қыл­мыстық істер қозғалып, олардың ішінен 63000,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 1 қыл­мыстық іс қысқартылған, 11662,8 мың теңге қаржылық бұзу­шылықтардың 2 қылмыс­тық ісі тоқтатылып тұр, 2282,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 2 қыл­мыстық ісі өндірісте. 380527,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 5 бақы­лау материалы бойынша про­ку­рорлық назар аудару қабылданып, нәтижесінде 9 лауазымды тұлға материалды және 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қаржылық жол­сыздық­тарды және сыбайлас жемқорлық қыл­мыстарды болдырмау мақсатында инспекцияда бақылау жұмыстарын жүргізумен қатар анықталған қаржылық жолсыздықтарды қалпына келтіру және өндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Рысбек МӘМБЕТОВ,

ҚР Қаржы министрлігі Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз