БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

50

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32-сессиясы болып өтті.

Сессия төрағасы Қылышбай Бисенов кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №164 шешіміне өзгерістер енгізу туралы екенін хабарлады.

Ол туралы облыстық экономика және бюджетті жос­парлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлама жасады.Басқарма басшысы Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 қарашасындағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 1199 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерге өзгерістер енгізілетінін жеткізді. Сессия барысында депутаттар облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

Сессияда күн тәртібінде белгіленген басқа да мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы жұмысын аяқтады.

Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз