“ДАМУДЫҢ” КЕПІЛДІГІМЕН КӘСІБІН КЕҢЕЙТТІ

47

0

Қызылордалық 1-ші топ мүгедегі Ғалым Жұманов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында үшжақты кепілдендіру келісім-шартына қол қойды.
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы «Даму Start-Up» жобасының тиімді шарттарымен өз кәсібін кеңейтуге «БанкЦентрКредиттен»  несие алды. «БанкЦентрКредит» «Даму» қорымен бірлесіп, 2012 жылдың қараша айынан бастап бастауыш кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландырып келеді. Аталған бағдарламаның шарты бойынша кәсіпкер   жобасының 70%-на  «Даму» қоры кепіл болады.
– Электрэнергетик маманының дипломын алған соң 15 жыл бойы мамандығым бойынша жұмыс жасадым. 2001 жылы абайсыз уақиғаның соңы мені 1 топ мүгедегі етті, бірнеше ауыр оталардан өттім. Үнемі қозғалыста жұмыс жасап үйренген адам бола тұрып, ендігі жерде жұмысқа жарамсыз болғаныммен көндіге алмадым.  Сау адамдардың өзі екі қолға бір күрек таппай жүрген уақытта жұмысқа тұру мәселесі мені уайымға салды. Бұл жағдайда мен үшін ең дұрыс шешім өз   бизнесімді ашып, жұмыс беруші болу. Өз маркетингтік сараптауымды жасап, қаламызда химиялық тазалаумен айналысатын кәсіпкерлер  жоқтың қасы екендігіне көзім жетті. Алғашқы  қаражатымды жинақтап, 2013 жылы   жоспарымды іске асырып, тазалау қызметін көрсете бастадым, – дейді Ғалым Жұманов. 
Алға қойған мақсатына жеткен соң кәсібін кеңейтуді ойлаған оған  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тегін және сапалы қызмет көрсетілді. 
– КҚКО-ның кеңесшілерінен «Даму Start-Up» бағдарламасы бойынша несие рәсімдесем, «Даму» қоры тарапынан 70% кепілдік алатынымды естіп бірден іске көштім. Алғашқы қадамым «Бизнес-Кеңесші» жобасында екі күн тегін оқудан өтіп, тестті сәтті тапсырудан басталды. Одан әрі қарай бизнес-жоспарымды дайындап, жоба құнының 36 пайызын жинақтадым. Барлығы оңай болды деп еш айта алмаймын, алайда алдыма қойған мақсатым мені кедергілерді жеңуге жетеледі, – деп кәсіпкер өз ойымен   бөлісті.
М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз