ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

57

0

ДАЙЫНДЫҚ  ҚАРҚЫН АЛДЫСексен мыңнан
астам халқы бар Жаңақорған ауданында алдағы Мәжіліс және жергілікті мәслихат
депутаттарын сайлау науқанына дайындық ба­ры­сы қарқын алып келеді. Нақты ке­­зең­де
аудандағы жалпы 59 сайлау ко­мис­­сиясының барлығы тиісті нұсқау­лық­тар­ға сай
жұмыстарын жалғастыруда. Құ­рал-жабдықтары әзірленген. Еске са­лар­лығы,
жоғарыда аталған сайлау ко­мис­сияларының 1-і аудандық болса, 3-і облыстық
округтік, 15-і аудандық округтік, ал 40-ы сайлау учаскелері болып табылады.
Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ербол Сүй­ін­діковтің айтуынша, осы
мерзімге дейін депутаттықтан үміткер 68
кісі өз құжаттарын сайлау комиссиясына тапсырса, оның 19-ы партиялық тізім ар­қылы,
қалғандары өзін-өзі ұсынғандар қатарынан болып отыр. Алдағы уақытта қабылданған
құжаттардың сәйкестігіне сай тексеру жұмыстары жүргізіліп, бел­гілен­ген
мерзімге дейін өзге де үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау жалғасты­рылатын
болады.

Осы мерзімде
Жаңақорған ауданында 42523 сайлаушы тізімге алынды. Олардың арасында жасы
95-тен асқан 12 қарт сайлау­шы болса, сая­­си науқанға 428 жас алғаш рет
қатысқалы отыр.

Нұрмахан
ЕЛТАЙ.

Жаңақорған
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз