ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

40

0

ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫСенбі күні Қызылорда қаласы әкімдігінде Сырдария өзеніндегі су тасу қаупінің алдын алуға арналған шара өтті. «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбындағы қалалық командалық-штабтың оқу-жаттығу шарасына  тиісті сала мамандары қатысты. 
Мамандарының айтуына қарағанда, биыл дариядан төнер қауіп жоқ. Дегенмен, Сырдария өзенін бойлай тұрғызылған қорғаныс бөгеттерінің жағдайын қатаң бақылауда ұстау керек. Жалпы 24 қабылдау және жинақтау пункті жұмыс жасауда. Сондай-ақ, өзеннің қауіпті деген тұстары толықтай бақылауға алынған.
Қала аумағында 8 қауіпті аймақ бар. Оның барлығын қадағалау 17 мекемеге бекітіліп берілген. Оларда  100-ге тарта техника сақадай сай тұр.
Сонымен қатар, №101 орта мектепте су тасқыны салдарынан қауіп туындаған жағдайда көмек көрсететін 6 кабинет ұйымдастырылған. 
Е.АЙДАР.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз