«ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ

50

0

Саламатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу
мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған басты мәселе екені белгілі. Осы
бағытта түрлі шаралар ұйымдастыру қолға алынған. Сондай ауқымды шараның бірі
жаңа оқу жылының алғашқы аптасында өткізіледі деп жоспарлануда.

Яғни, облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының мұрындық болуымен 1-6 қыркүйек аралығында облыс
көлеміндегі мектептерде жаппай «Денсаулық сабақтары» жүргізіліп, балаларға
саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілмекші.

Шара «Туберкулезді тоқтатайық!»
ұранын ұстанған. Денсаулық сабақтарындажеткіншектерге денсаулықты күтіп, сақтау бағытында әңгімелене отырып,
оларды шылым, есірткі, алкоголь секілді зиянды заттардан аулақ болуға үндейді.
Оқушылар арасында белсенді болудың,
саламатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың пайдасы насихатталады.

Барлыбек Батыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз