ДЕПУТАТТАР АУЫЛҒА ӘКІМ САЙЛАДЫ

39

0

Жуырда қалалық мәслихатта Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау болып өтті. Сайлауға қалалық мәслихаттан сайланған 19 депутаттың 18-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Ең алдымен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев халық қалаулыларына партияның жаңа үлгідегі билетін табыстады. Мұнан соң қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Аралбаев сайлау жәшігін бекітіп, бюллетеньдерді санады, сондай-ақ, сайлау тәртібімен таныстырды.  Отырысты қалалық мәслихаттың хатшысы Ибадулла Құттықожаев ашып берді. Ауыл әкімдігіне негізінен 3 кандидат ұсынылған. Дауыс беру барысында олардың сенімді өкілдері де қатысты. Сайлау заңдылықтарға сай өтіп, нәтижесінде Медет Сейілов қалалық сайлау комиссиясының шешімімен Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.  
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 7 тамызда өткен сайлау кезінде аталған ауылдың әкімі болып Алмасбек Есмаханов тағайындалған болатын. Жас әкімнің қызметін ауыстыруына орай, бүгінде қайта сайлау өткізіліп отыр.
М.ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз