ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ САБАҒЫ

55

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Діни  экстремизм  мен терроризмнің  алдын  алу»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өтті.
Елімізде көп конфессиялы демократиялық, құқықтық бағытпен дамып келе жатқан келісім мен бейбітшілік сүйген қоғам қалыптасты. Қазақстандағы  конфессияаралық  қатынастар  басқа  елдер үшін үлгі болып табылады. Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің  қауіпті  формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі  мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде. Мұндай жат ағым Қазақстанға  ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа, оның ішінде дамыған елдерге де тән құбылыс.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050»  Стратегиясында, халқымыздың мәдениеті мен таным-табиғатына жат экстремизм діни көзқарастардың таралуына байланысты ерекше назар  аударды.   
Жастардың  діни  сауаттылықтарын  арттыру, жат   ағымдардан  сақ  болуға  және  экстремизмнің  алдын  алу  мақсатында   өткізілген   іс-шараға қатысушылар  жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ақпараттық саяси қызмет көрсетудің мәселелерін талқылады. Ұлтаралық және дінаралық татулықтың бекем болуына бірден-бір үлес қосатын  жастар өз ойын ортаға салды.
Осы  шарада  «Діни экстремизм – ғасыр індеті» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, оқырмандар  тақырыптық   әдебиеттермен  танысты.
М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз