ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

44

0

Өзбекстан Республикасы Ұлтаралық мәдениет орталығы және Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17-19 мамыр күндері қазақ халқының данышпаны Әйтеке бидің370 жылдығы және өзбек-қазақ халықтарының мәңгі достығына арналған «Біз – бір халықпыз” атты достық фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне Қызылорда облысының қосқан үлесі орасан.

Қос ұлттың ынтымағын паш еткен шараға Қызылорда облыстық филармониясының «Тұрмағамбет” халық аспаптары оркестрі қатысып, қазақ ән-күй өнерінің балқаймағын бауырмал елге тарту етті. Осыған байланысты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа және Сыр елі халқына Өзбекстанда тұрып жатқан қазақ халқы атынан үлкен алғысымызды айтамыз.

 

М.ҮКІБАЕВ,

Өзбекстан қазақтары атынан,

Республикалық қазақ ұлттық

мәдени орталығының төрағасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз