ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

65

0

Өткен сенбіде «Динамо” спорт
кешенінде волейболдан запастағы полиция полковнигі, «Құрметті теміржолшы”
Абдолла Ысқақов атындағы дәстүрлі турнир өтті.

1936 жылы 26 тамызда қазіргі Сырдария
(Тереңөзек) ауданының Шандайкөл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген Абдолла
Ысқақов азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін 1959 жылы еңбек жолын Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер
бөлімінде қатардағы милиционер болып бастаған. Алдымен арнайы орта, одан соң
жоғары милиция мектептерінде білімін ұштаған тәртіп сақшысы 1963 жылдан Гурьев
көлік мили­ция­сы құрылымдарында, ал 1978 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда
станциясы желілік ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін абыройлы атқарған. Ұзақ
жылғы тынымсыз еңбек ескеріліп, «Милиция үздігі” белгісін кеудесіне тағып,
«Құрметті теміржолшы” атанды. Тәртіп сарбазы көзі тірі болғанында бүгін 75
жасқа толған болар еді.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған
шәкірттері, запастағы полиция полковнигі Бөлебай Есмаханов, Байқоңыр қаласынан
арнайы келген полиция полковнигі Геннадий Ким, ағайындары атынан інісі Құрман
Ысқақов оның азаматтық тұлғасы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа
қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алты команданың арасында аса тартысты
өткен бәсекеде байқоңырлық волейболшылар жеңімпаз атанса, Қызылорда станциясы
желілік ішкі істер бөлімінің ардагерлер және негізгі құрам командалары жүлделі
орындарды өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдар
және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Еске алу шарасының соңында марқұмның
рухына ас беріліп, құран бағышталды.

Бақтыбай
БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз