Джалолов Қамшыбекке құрмет көрсетті (ВИДЕО)

479

0

Фото: m.ok.ru

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов жұдырықтасты деп хабарлады turkystan.kz.

92 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен боксшылардың тартысты бәсекесі Өзбекстан боксшысының пайдасына шешілді. Алайда жекпе-жек аяқталғаннан кейін Джалолов қазақстандық қарсыласына құрмет көрсетті. Оның қолын көтеріп, шаршы алаңға жиналған жанкүйерлерден қолдауын өтінді.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатынан шығып қалды. Ал Баходир Джалолов жартылай финалға шығып, өзіне кем дегенде «қолаға» кепілдік берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<