ЕАЭО – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

55

0

ЕАЭО – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов бастаған депутаттар А.Бекенов, Т.Ерғалиев, С.Қанаев, Н.Нестерова, Ә.Рахымжанов, А.Соловьева аймағымызға жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары алдымен қалаға қарасты Ақсуат елді мекеніне барып, «Тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңадан ашылған ауылдық клуб жұмысымен танысты. Мұнан соң өткен жылы іске қосылған жол төсенділерін шығаратын шағын зауытты аралады.

ЕАЭО – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ Мәжіліс депутаттары«Smart Rubber» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Аталған мекеме жарамсыз шинаны өңдеумен айналысады. Инновациялық жобаның экологиялық тұрғыдан тигізер пайдасы көп. Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорны жылына 1,5 мың тонна резеңке ұнтағын шығарады. Өнім терең өңделіп, жасанды футбол алаңдарының беткі қабаты шығарылады. Алдағы уақытта өңірде салынатын ойын алаңдарында осы өнім қолданылмақ. Сондай-ақ жол құрылысына қажетті ұнтақ та дайындалады. Битуммен араласқан бұл ұнтақ асфальттың сапасын жақсартады. Ал «ҚазРосИнновация» мекемесі ауыз суды сүзгіден өткізетін қондырғыны құрастырумен айналысуда. Депутаттар «инновациялық жобалардың ауылдық жерде көбейіп жатқандығы қуантады” дейді.

– Өзін-өзі басқару заңы өткен жылы қабылданғанын білесіздер. Осы заңның өңірлерде жүзеге асу барысымен танысып жатырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, облыс орталығынан бөлек, шалғай ауылдарда кәсіпкерлік саласы жандануда. Бұл жұмыссыздықтың төмендеп, халықтың жағдайы жақсарып келе жатқандығының айқын көрінісі, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты С.Әйімбетов.

Сондай-ақ, халық қалаулылары кеше ғана үш елдің басшысы қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім отандық өнімді өзгелерге өткізуге мүмкіндік туатынын атап өтті.

 

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз