ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

50

0

Жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау.

Нәтижелі жұмыспен қамтуға азаматтарды тарту үшін барынша мүмкіндіктер ұсыну үшін:

кем дегенде 1600 адамға еңбек нарығындағы қажеттілігі бар мамандықтар бойынша қайта даярлау және қысқа мерзімді курстарда кәсіби дағды алуға мүмкіндік ұсыну;

жұмыссыздардың ішінен әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 419 адамды, жастар тәжірибесіне 1212 және қоғамдық жұмыстарға 6400 адамды бағыттау;

кем дегенде 10 мың тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

хабарласқан нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесінің 47,1 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;

өңірдегі қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсету;

заңнамалармен көзделген барлық әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толыққанды төленуін қамтамасыз ету;

әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету;

Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру экономикаға және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту» Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақының енгізілуіне байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу;

мемлекеттік сатып алу тапсырысшыларымен тауар өндіретін немесе жеткізетін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен құрылған мүгедектердің қоғамдық ұйымдарын қолдауға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуына мониторингті қамтамасыз ету;

нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;

жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау және «Электрондық еңбек биржасы» интернет ресурсына өту;

2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша Жол картасының» жүзеге асырылуын;

модернизациялау нәтижесінде қызметкерлер санының өзгеруі мүмкін облыстың ірі кәсіпорындарындағы қызметкерлерінің ағынын басқару Жол картасының жүзеге асырылуын;

Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған  Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу;

облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі 2018 жылға жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;

мүдделі органдармен бірлесе отырып еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеуіне жедел әрекет ету;

облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

аймақ кәсіпорындарында еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз