
Мерекелік шараны университет ректоры Қылышбай Бисенов ашып, жиналған көпшілікті Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
– Құрметті әріптестер! Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Ел тәуелсіздігі адамзат тарихындағы қасиетті де қастерлі ұғым. Бұл күн – бүкілхалықтық мереке, әрбір қазақстандық мақтаныш тұтатын ерекше күн. Осындай бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқан біздер бақытты елдің ұрпағымыз. Сондықтан да барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін,-деді.
Мұнан кейін жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін университеттің бірқатар оқытушы-профессорлары «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль» төсбелгісімен, оқу үдерісін ұйымдастыруда қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарған қызметкерлер мен 2012-2013 оқу жылындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамының білім беру қызметіндегі рейтингісінің нәтижесі бойынша да бір топ оқытушылар марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
М.ОТАРАЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!