ЕЛ АҒАСЫ

46

0

Қызылорда қаласындағы Тәкей Есетов атындағы№264 мектеп-лицейде «Ел ағасы” атты кеш болып өтті. Оған жиналған мектеп оқушылары мен ұстаздарыоблыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Сейілбек Шаухамановтың өмір жолымен, жарық көрген еңбектеріменжан-жақты танысты.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әйгерім Сариева танымал тұлға С.Шаухамановтың қарымды қаламынан туған «Бақытыңды бағалай біл”, «Ер қанаты”, «Қайраткер” кітаптарының мазмұнын ашып, мақсатын айқындады. Кеш барысында автордың публицистикалық шығармаларынан үзінділер мен қаламгерге арналған жыр шумақтары оқылды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев бүгінгі кеш иесінің өнегелі өмір жолы, қызмет баспалдақтары, халықтың ықыласы жайында айта келіп, ардагерге лайықты сый-құрмет көрсетті.

Кеште сөз алған Сейілбек аға адалдық пен шыншылдық әрдайым да жас ұрпақтың айнымас серігі болуы қажеттігіне тоқтала келіп, олардың әр кез аға ұрпақтың өмір жолынан өнеге алуға шақырды. Бүгінгі ұрпақ өз бақытын бағалап, уақытын үнемді пайдалана білсе, көп жетістікке жетуге болатынын баса айтты.

Мектеп оқушылары аталарынан бата алып, бірге суретке түсті.

 

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз