ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

63

0

Мемлекет басшысы кездесу барысында берген
өтінішіне орай қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын
айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа
министр – Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.

Нұрсұлтан
Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын
саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі
жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне
назар аударды.

 

 

 

Елордаға жаңа әкім тағайындалды

«Мемлекет басшысы Астана қаласының жаңа әкімі
Әділбек Жақсыбековты таныстырды”, – делінген Ақорда баспасөз қызметінің твиттер
парақшасында.

Бұған дейін Ә.Жақсыбеков ҚР мемлекеттік
хатшысы ҚР Қауіпсіздік кеңесі
хатшысының міндетін уақытша атқарушы болды. 1997-2003 жылдар аралығында Астана
қаласының әкімі, кейін ҚР Индустрия
және сауда министрі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының
бірінші орынбасары ҚР Президенті кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Ресей
Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін
атқарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз