«Электронды үкімет» халыққа қызмет көрсетуде

48

0

Облыстық мұрағаттар мен құжаттама
басқармасына қарасты 10 мұрағат мекемесі «Мұрағаттық анықтамалар беру»
мемлекеттік қыз­мет көрсету регламентін басшылыққа алып, көрсетілетін қызметті
жүзеге асырып келеді.

Аталған қызмет жеке және заңды
тұлғаларға электрондық нысанда www.e.gov.kz
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, халыққа қызмет көрсету
орталықтары және баламалы негізде тікелей
мұрағат мекемесінде орындалады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
мұрағаттық анықтама алу электронды-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ)
көмегімен электрондық сұрау жасаған тұлғаға белгілі болуы тиіс. Ол үшін
тұтынушы www.pki.gov порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алуға өтінім береді.
Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге және қажетсіз құжат айналымының санын
азайтып, қағазбастылыққа жол бермеуге көп көмегін тигізеді.

Тұтынушы www.egov.kz «элек­трон­дық
үкімет» веб-порта­лында электрондық
цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеледі. «Электронды мем­лекеттік қызметтер»
тізімінен «Мұ­рағаттық анықтамалар беру» қыз­метін таңдап, үлгілік бланкіні
толтырады. Толтыру барысында тиісті құжаттардың (азаматтың же­ке куәлігі, еңбек
кітапшасы, тұ­ты­нушының электронды мекен-жайы, т.б.) сканерленген көшірмесі
сұра­лады. Сондай-ақ, толтырылатын бланкте өтініштің мазмұны толық көрсетілуі
тиіс. Сол уақытта, яғни бар болғаны 5-10 минуттың ішінде сұраныс мұрағат
мекемесіне түсіп, тіркеледі. Регламентке сәйкес, өті­ніш­тің сипатына қарай 12
күн мер­зімге дейін немесе жекелеген жағдайларда 25 күн ішінде жауап сол
электронды поштаға жолданады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР
«Мемлекеттік көрсетілетін қыз­­меттер туралы» Заңын жүзеге асы­ру мақсатында
2014 жылдың І жар­тыжылдығында облыс, қала, аудан мұрағаттарына 5777 сұраныс
түскен. Оның ішінде ЭҮП арқылы – 1539,
ХҚКО арқылы – 3172, баламалы негізде тікелей мұрағат мекемесінде 1066
сұраныс орындалды.

Қазіргі уақытта, мұрағат меке­ме­­­ле­рінің
жауапты мамандары
ЭҮП арқылы түсетін өтініштер санын көбейту, ал ХҚКО арқылы жә­не
баламалы негізде түсетін өтініш санын азайту мақсатында халық ара­сында БАҚ
арқылы және ауызша түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізіп келеді.

Р.ТІЛЕПОВА,

Қызылорда облысының мемлекеттік
мұрағаты директорының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз