ЕЛМЕН ЕРКІН ПІКІР АЛМАСТЫ

40

0

Парламент
Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшесі Уәлихан Бишімбаев
Сырдария ауданындағы сайлаушылармен кездесті.

Халық қалаулысы алдымен
Тереңөзек кентіндегі «Нұр Отан” партиясының аудандық филиалы кеңсесінде саяси
бюро мүшелерімен кеңес өткізді.

Жиын барысында депутат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауындағы міндеттерге тоқталып, дамудың басты құжатындағы міндеттер жайлы
кеңінен әңгіме өрбітті. «Жолдауда Елбасы білім беру, кәсіби біліктілік, кадрлар
даярлау және ғылымды дамытудың жаңа міндеттерін айқындап берді. Бүгінде
білікті ғалымдарды мемлекет тарапынан
қолдауға қатысты жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен, отандық ғалымдарды мемлекет
тарапынан әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарға толықтырулар енгізіп, нақты
іс-шаралар қабылдау қажеттігі айқын сезілуде», – деп атап өтті ол. Мәжілісмен
аға буынның бүгінгі жастарға да артар сенімі мол екенін, жастардың мемлекет
тарапынан жасалып жатқан жағдайды дұрыс пайдаланып, бәсекеге қабілетті маман
болу қажеттігін тілге тиек етті.

Президент айқындаған 2050
жылға дейінгі стратегияның артықшылықтары мен ерекшеліктері сөз болған жиында
Мәжіліс депутаты атқарылған парламенттік
жұмыстар жайында да айтып берді.

Кездесуден кейін, Мәжіліс
депутаты аймақтағы бетке ұстар ауылдың бірі – Нағи Ілиясов ауылына барды. Онда
ауыл тынысымен танысып, диқан қауымымен кездесті. Кездесуде келелі ойлар
айтысып, егіншілермен еркін пікір алмасты.

Нұрбек
Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз