ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

50

0

Өңірімізде жастар басқармасы мен ұйымдары, бірлестіктері, орталықтары белсенді жұмыс жасап келеді. Олар еліміздің дамып өркендеуіне өз үле­терін қосуда. Жастардың уақытын тиімді өткізу, нашақорлықтан бойын аулақ ұстау, қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыспен қамту, білім алып, қажетті мамандықтарын игеру, жас кәсіпкерлерге қолдау білдіру және олардың денсаулығын бақылау тұрғысында септігін тигізе отырып, белсенді әрекет етуде. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойындар өткізу, шығармашылық байқаулар жариялау негізінде жұмыс жасап, жастардың барлық қырынан белсенді болуға түрткі болып келеді.

Айта кету керек, «Жасыл ел” еңбек жасағында жұ­мыс жасайтын әрбір жас өрен қаламыздың көркейіп, көгал­дануына өз үлестерін қосуда. Ал, құрылыс жа­сақ­тарында қызмет етіп жүрген қаншама жас зәулім де биік ғимараттардың бой түзеуіне атсалысып келеді.

 

Халықаралық жастар күніне орай аймағымызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Айтулы күні облыс әкімі Қ.Көшербаев қоғамда белсенділік танытып, өз ісінің нағыз шеберлері атанған жастарға «Сыр үміті” сыйлығын табыс етті. Оған әртүрлі салада қызмет етіп келе жатқан жастар қатысып, жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетті.

 

Тағы бір айта кетерлігі, қалалық ішкі саясат бө­лі­мі мен «Болашақ жастары” жастар қоғамдық бір­лестігінің мұрындық болуымен қалалық мәдени демалыс паркінде сурет салудан байқау өтті. Тақырыпқа қаламыздың көрікті жерлерімен күннен-күнге дамып келе жатқан Сыр елінің келбеті арқау болды.

 

Тартымды өткен байқауда І орынды Жанболат Есмахан иемденсе, ІІ орынды Дәулетбек Тойшыбаев алды, ал ІІІ орынды Ескендір Серманов қанағат тұтты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бұл күні жастардың думанды кештері мұнымен толастамай, одан әрі жалғасын тауып жатты.

 

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз