«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА – ҰРАН»

67

0

С.Әлжіков атындағы №144 орта мектепте қалалық ардагерлер
кеңесі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне
орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» деген тақырыпта ардагерлер мен мектеп
оқушыларының кездесу кеші өтті. Оған қатысқан қонақтар сұрапыл жылдарды,
халықтың қан майдандағы, тылдағы ерлік істерін еске түсірді.

Мектеп оқушылары қойған көрініс Ұлы Отан соғысы жайлы
радиодан берілген қаралы хабардан басталды. Сол ауыр күндердегі халықтың
көңіл-күйі, майданға аттанып бара жатқан азаматтың елімен, туған жерімен
қоштасып тұрған сәті, сосын майдан даласында опат болған жауынгер жайлы келген қаралы хабар, оның елдегі
анасының, жарының, балаларының қайғылы бейнесі оқушылар орындауында
сәтті шықты. Мұнан кейін кішкене бүлдіршіндер би билеп, мектеп оқушылары соғыс кезіндегі бірнеше әндерді шырқады.

Кештің соңында
ардагерлер мектеп музейімен танысты. Кешке қатысқандар жастарды
отаншылдық, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған мұндай шараны
ұйымшылдықпен өткізген мектеп ұжымына
алғыстарын білдірді.

Тобаш
ЕМБЕРГЕНҰЛЫ,

еңбек ардагері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз