Есептеу құралы тұтынушылар қаражатын үнемдейді

55

0

Жуырда Шымкент қаласында көпқабатты үйге ортақ жылу
есептегіш құралдарын орнату тетіктерін насихаттау үшін арнайы көшпелі жұмыс тобы
отырысы өтті. Аймақтық отырысқа табиғи монополиялар субъектілері, облыс
әкімдіктерінің, ПИК, Жамбыл, Қызылорда және ОҚО табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі қызметкерлері, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы өкілдері қатысты.

Еліміздегі жұмыс сапарлар қо­рытындысы
бойынша Табиғи мо­но­полияларды реттеу жөніндегі агенттігінің аймақтық
департаменті мен әкімдіктердің бірлесе жылу есеп­тегіш құралдарын орнату 24 қа­лада
жоспарланып отыр. Оның ішінде тек 7 қалада жылу энергияға сараланған тарифі
бар. Табиғи мо­но­полияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі ұсынған ақпа­раты
бой­ынша, 2014-2015 жылдары жылу бе­ру науқаны басталғанға дейін, ор­та­лық­тандырылған
жылумен қам­тыл­ған барлық аймақтарда жылу энер­гияға сараланған тариф (жылу есептегіш
құралдармен және жылу есеп­тегіш
құралсыз) енгізілетін бо­лады.

«Жалпы үйге ортақ жылу есеп­тегіш
құралдарын орнату жөніндегі іс-шараларды іске асырудың ең бас­ты факторы –
тұтынушылардың эко­но­микалық қызығушылығы. Адам­дарға жылу есептегіш құралдардың
бар болғаны, олардың жылумен жаб­дықтауға шығындарын аса мөлшерде қысқартатының
жеткізу маңыз­ды», – деп қорытты «ТКШ жаңғырту және дамытудың
Қазақстандық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Анато­лий Шкарупа.

Тұтынушылардың экономикалық қызы­ғу­шы­лықтарын
жоғарылату үшін, жылу энергияның есептегіш құралдары бар тұ­тынушылар үшін ең
төмен тарифтердің қол­дануын көз­дейтін, жылу энергияға сараланған та­рифтер
барлық жерде енгізіліп отыр. Мысалы,
Атырау қаласында жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралдары орнатылған кезде
9-қабатты үйдің 1 шаршы метрінің нақты төлемі 51,6 теңге, ал бұл құралсыз –
110,16 теңге құрады, Көкшетауда есептегіш құралмен – 52,9 теңге, құралсыз – 91 теңге. Мәселен,
Астана қаласының тұр­ғындары үшін жылу энергияға тарифі жылу есеп­тегіш
құралымен 2077,9 теңге/Гкал, ал жы­лу есептегіш құралсыз 2814,6 тенге/Гкал құрайды.

Бұл құралдың бағасы 400 мың тең­ге­ден
басталады. Есесіне ол жы­луды тиімді пай­даланып, әр тұ­­ты­ну­шының
қаражатын үнем­­деуіне мүмкіндік бе­­реді. Облыста қа­зір сараланған та­риф
ен­гізілген. Сон­дықтан атал­ған құралды ор­нат­­­қандар жылу ақы­­сын екі есе
аз тө­лей­ді.Орнатылған жы­­лу есеп­­теуқұралдарының құ­ны тұр­ғындардың
коммуналдық қызмет ақы­­сын төлеу есеп­шотына 4 жылға бө­лінеді. Ай сайынғы
төлейтін жарна пә­тер аумағына бай­ланысты 100-150 теңге шамасында болып отыр.

Алайда бұл қаражатты тұрғындар төрт жыл
ішінде бөліп төлеу арқылы қайтаруы тиіс. Сонда ғана есептеу құ­ралы біржола
үйдің меншігіне қа­лады. Әр үйге орнатылған құралдан қа­жетті деректер орталық
базаға ав­то­матты түрде түсіп отырады. Ал болашақта әрбір тұтынушы кез кел­ген
уақытты жылуды қандай мөлшер пайдаланғанын онлайн режимінде біле алатын болады.

Бегман Көлбаев, ТКШ департа­менті ди­рек­торының
орынбасары, «Коммуналдық шаруа­шылығын жаң­ғыр­ту бағдарламасы аясында өткі­зіліп
жатқан жөндеу жұмыстарының тө­лем­ақысы да тұрғын үй көмегі ар­қылы жар­тылай
болмаса да, тиісті жергілікті ор­гандармен бекітілген тәр­тіп бойынша мөл­шерінде
бюджет­тен мемлекеттік өтеліп жа­тыр. Яғ­ни бұл қондырғыны да жергілікті ат­қарушы
органның белгіленген тәр­ті­бі мен аз қамтамасыз етілген от­басылардың
тиісті төлемақы мөл­шерін жергілікті бюджет арқылы өтеуге болады» –
дейді.

Республикалық бюджетпен «ТКШ да­мы­ту
қоры» АҚ жарғылық капи­талын жоға­рылауына, қайтарылмалы негізінде, жалпы үй­ге
ортақ жылу есептегіш құралдарын орна­ту үшін 8 млрд. теңге бөліп отыр. Жылу
есеп­тегіш құралдардың орнатылуы, жылу өткізетін компаниялары және «ТКШ дамыту
қоры» АҚ қатысатын, сәйкесті келісім-шарт жасалумен тікелей қаржы лизинг
тетіктері ар­қылы қамтылатын болады. Жылу өткізетін ұйымдардың өтінімдері
бойынша жылу есеп­тегіш құралдары жеткізушілермен техникалық дайын­дығы бар
көппәтерлі тұрғын үйлерде орнатылады, сондай-ақ, бұл үйлер апатты немесе ескі
үй болмау тиіс.

Жеткізушілерге есептегіш құ­рал­дарын ор­натылғаны
үшін төлем «ТКШ дамыту қоры» АҚ арқылы қамтылады, сонымен бірге қорға
қаражаттардың қайтаруын жылу өт­кізетін ұйымдар жүргізеді. Бөлінген бюджеттік
қара­жат мемлекеттік қорға қайтарылады және бұдан әрі құралмен қамту процесіне
не­месе ТКШ саласындағы басқа ин­вестициялық жобалар үшін қайта қаржыландыру
мүмкін.

Құралмен қамту процесі бірыңғай өл­шеу
әдісін қолдауға, деректерді алу және бе­ру процесін автоматтандыруға және есеп­тегіш
торабын талқандауға қарсылықты бол­жамдайтын
бірың­ғай техникалық саясатты қолдану негізінде жүргізіледі. Осы шаралар қыз­мет
көрсетудің жоғары деңгейін, нақты за­ман режимінде жылумен жабдықтау сапа­сын
мемлекеттік мониторинг жүйесін қалып­тастыруды қамтамасыз етуге рұқсат береді.

Нұрбек
Дәуренбеков.

Қызылорда-Шымкент.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз