ФЕСТИВАЛЬ МЕЙМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

67

0

Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қорқыт және Ұлы Дала сазы»
халықаралық дәстүрлі музыкалық өнер фестиваліне келген қонақтармен
кездесті.

Мәртебелі меймандар қатарында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Д.Қасейінов, ақын,
Қазақстанның Халық жазушысы
О.Сүлейменов және Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Молдова, Қырғызстан мемлекеттерінен келген шетелдік ғалымдар мен саясаткерлер бар.

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев
аймақтағы атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шараларды айтып, облыстың бүгінгі
тынысын баяндады. Түбі бір түркіге ортақ
Қорқыт атаның Отаны саналатын Сыр топырағындағы тарихи жәдігерлер жайын сөз
етті. Сақтардың отаны – Шірік-Рабат, оғыздардың орталығы – Жанкент, қыпшақ
хандығының ордасы Сығанақ осы Сыр бойында жатыр. Жиырмасыншы ғасыр басында
Қызылорданың астана болғанын қоссаңыз, төрт астана орын тепкен киелі өңірдің
ұлт тарихындағы орны ерекше айшықтала түседі.

Кездесу соңында Қырымбек Елеуұлы
қонақтарға кәдесый тапсырып, облыстың негізгі даму салаларын суреттейтін
бейнефильм көрсетілді. Қонақтар халықаралық өнер додасына шақырғаны үшін аймақ
басшысына алғыстарын жеткізді.

М.ТОҚТАҒҰЛ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз