Газ есептегіш ауыстыру ақылы ма?

729

1

Қызылорда қаласында электронды газ есептегіш құрылғысы механикалық жүйеге өткізілуде. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы өтім және газ режимі қызметінің басшысы Жолдас Әженов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам тұтынушы осындай есептегішке қосылған. Құрылғыны механикалық жүйеге өткізу үшін 104-ке немесе 8 771 012 12 11 нөмірі арқылы колл орталыққа хабарласу керек. Сонымен қатар, orda-ktga@mail.ru электронды поштасына жазбаша өтінім жолдауға болады.

– Ақысыз өткізіп береміз. Электронды газ есептегіштер ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты батареясы тозып, істен шығуда. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында тұрғындардан механикалық жүйеге көшуге кеңес береміз, – деді Ж.Әженов.

Механикалық жүйенің тағы бір артықшылығы, тұрғындар kaspi.kz, homebank.kz ұялы қосымшалар арқылы және Qiwi, Касса24 терминалдары арқылы төлем жасай алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<