Газ пайдалану қауіпсіздігі

60

0

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 63%-ы табиғи газға қосылған, ал қалған 37% сұйытылған газды пайдалануда. 
Қазір халық баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын күнделікті тұрмыста ас әзірлеуге, үй жылытуға пайдаланады. Газды пайдалануда жіберген қателіктердің салдары адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше отбасы қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді. Қарапайым ғана ережелерді еске ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады.  
ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес автогаз құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын тұрмыстық газ баллондарға  құюға тыйым салынады. Мәселен, газ баллондарды толтыру станцияларында: 
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;
3) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті екенін ескеру қажет.
Алайда тұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құйып қана қоймай, оған қоса құйылған газ қысымын нормалардан асыруды  сұрайды. Газ баллонын салқыннан жылы жерге кіргізген кезде баллондағы газдың көлемі ұлғайып, қысымы еселенуіне әкеледі. Осының салдарынан газ баллонынының түтігінен газ шығуы, тұтынушылардың газ иісінен улануы, тіпті жарылыс болған авариялық жағдайлар жиі кездесуде. 
Сондықтан да, оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде сұйылтылған газ нарығында газ таратушы газ толтыру станциялары бойынша халыққа қызмет көрсететін «Тұрангаз» ЖШС (телефон 23-13-81, 23-13-82), «Аралгаз» ЖШС (телефон 26-83-24, 26-83-39), «Байқоңыргаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметтерін пайдаланған жөн. 
Газ пайдаланушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы №906 қаулысымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды мүлтіксіз сақтаулары қажет. Мәселен, аталған талаптардың 1 қосымшасына сәйкес газ пайдаланушы қондырғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген талаптарды сақтауы қажет. Мысалыға, «газ пайдаланғаннан кейін газ пайдаланушы қондырғылардағы және олардың алдындағы крандарды жабады, ал ас үйлердің ішіне баллондарды орналастырған кезде қосымша баллондардың вентильдерін (редукторын) жабады. 
Газ пайдаланушы қондырғылар жарамсыз болған кезде газбен жабдықтау ұйымының жұмысшыларын шақыртады.
Газдың берілуі кенеттен тоқтап қалғанда газ пайдаланушы қондырғылардың қыздырғыш крандарын дереу жабады және газбен жабдықтау ұйымының авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
Орынжайда газдың иісі пайда болған кезде газ пайдаланушы қондырғыларды пайдалануды дереу тоқтатады, қондырғыларға жалғанған және қондырғылардағы крандарды жабады, орынжайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашып, авариялық-диспетчерлік қызметті шақырады.
От жағуға, темекі шегуге, электр жарығы мен электр құралдарын қосуға және сөндіруге, электр қоңырауларын пайдалануға болмайды.
Жертөледе, кіреберісте, аулада, көшеде газ иісі байқалғанда: 112 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке хабарлау;газдалған ортадан адамдарды шығару, электр жарығын қосу және сөндіру, ашық от пен ұшқынды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау; авариялық-диспетчелік бригада келгенге дейін орынжайдың желдетілуін ұйымдастыру қажет. 
Тәуліктің кез келген уақытында газ құбырлары мен газ жабдығын қарау және жөндеу үшін газбен жабдықтау ұйымдары жұмыскерлерін қызметтік куәліктерін көрсетуі бойынша пәтерге кіргізеді.
Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының (кондоминимумды басқару органдары) иелері газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін уақытында шарт жасасады. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарында белгіленген мерзімде мұржалар мен желдету арналарын тексеруді қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта газ құбырлары бастарының қатып қалуына және бітелуіне жол бермеу мақсатында олар кезең-кезеңімен тексеріледі.». 
Сонымен қатар, газ пайдаланушы жылыту пештері, жылыту аппараттары, ағынды және ыдыстық типті аппараттар үшін – үш айда кемінде бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін – екі айда кемінде бір рет, кірпішті және аралас (кірпіш және асбестоцементті) түтін жолдары тікелей жылыту кезеңі басталар алдында, сондай-ақ жылыту кезеңі ішінде күйеден, ас бөлме плиталары мен үздіксіз (ұзақ уақыт бойы) жағылатын басқа да пештерді айына кемінде бір рет тазартып отыруы қажет.
Ал, түтін және желдету арналарын алғаш рет тексергенде және тазартқанда мыналар ескерілуі қажет:
1.қолданылған материалдардың орнатылуы және сәйкестігі; 
2.бітелмеуі; 
3.олардың тығыздығы мен оқшаулануы; 
4.конструкциялардың жануынан сақтандыратын бөліктерінің болуы және жарамдылығы; 
5.шатырға және жақын жерде орналасқан құрылыстарға қатысты түтін құбыры басының дұрыс орнатылуы және жарамдылығы; 
6.қалыпты тартылудың болуы тексеріледі.
Қызылорда облысының энергетика 
және тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық басқармасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз