ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

56

0

Аймақ басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан аудан орталықтарын
газдандыру бағытындағы жұмыстар Жаңақорған кентінде қарқынды жүргізіліп келеді.
Бұл орайда мердігер мекеме мен жергілікті атқарушы орындардың бірлесе жасап
отырған іс-қимылы жұмыстың тоқтаусыз жалғасуына ықпал еткендігін айтқан жөн
болар.

Қазіргі кезде Жаңақорған кентінде «Автоматтандырылған газ тарату
стансасының» (АГТС) сыртқы қоршау жұмыстары аяқталып, іргетастары толығымен
құйылды. Сонымен қатар, кентті «Шымкент-Бейнеу» магистральді газ құбырына қосу
аралығының құрлыс жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді. Жалпы нұсқаулыққа
сай, құбырлар сынақтан өткізіліп барып қана пайдалануға қосылады.

Ал кент ішіндегі газ тарату 13
шағын газ пункті арқылы атқарылады. Пункттер МАИ бекеті, «Ипподром» және
6-крант аумағымен болса, 17 көшеде жүргізілуі тиіс. Нақты кезеңде құбырлар салына бастады. Оған 120 жұмысшы
жұмылдырылса, оның дені жергілікті тұрғындар.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Жаңақорған
ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз