«Құс қанаты-Қызылорда» Қоғамдық қоры Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, Сыр өңірі әдеби-шығармашылық жастарын қолдау мақсатында 25 қыркүйек – 25 қараша аралығында әдеби шығармашылық жастарының байқауын өткізеді. Байқау мақсаты – поэзиялық, прозалық шығармалар жазумен айналысатын жастарды іздеу, оларды қолдау, жастардың облыстық, аудандық (ауылдық) әдеби-шығармашылық орталықтарын ұйымдастыру. Байқауға 14-29 жас аралығындағы әдеби шығармашылықпен айналысатын жастар қатыса алады.
Байқау екі кезеңде өтеді: І-кезең. Аудан (ауыл) орта және орта кәсіптік оқу орындары деңгейінде (қыркүйек, қазан айлары). ІІ кезең – облыстық деңгейде 22 қарашада жас ақындар мүшәйрасы және шеберлік сыныптары түрінде өткізіледі. Байқауға қатысу шарттары:
– Өзінің кемінде 3 өлеңін не 1-2 әңгімесін өзі туралы қысқаша мәліметтермен қоса аудандық (ауылдық) ұйымдастыру орталықтарына жолдайды. (Мерзімі 15-қазанға дейін).
– Аудандық іріктеу жиындарынан өткен материалдар10-қарашаға дейін облыстық жас әдебиетшілер байқауына ұсынылады.
Байқау жеңімпаздары марапатталады.
Байқау шарттарымен толығырақ әлеуметтік желілер арқылы танысуға болады.
«Құс қанаты–Қызылорда» Қоғамдық қоры. Shanzharhan-bekm@mail.ru
Байланыс
тел.: 8 777 343 48 93.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!