ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АХУАЛ ҰДАЙЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

62

0

Елбасы ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовты қабылдады. Кездесу барысында Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады. Қазақстан Президенті 2014 жылдың халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды.

– Кездесулер мен іс-шаралардың көп болуының арқасында өзге елдердің Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды.

– Сіз жариялаған «Нұрлы жол» саясаты әлемде жоғары бағаланып отыр. Ол қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның тұрақты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ететін жақсы бағдарлама ретінде қабылдануда. Біздің міндетіміз соны елдің сыртқы саясатының өзге де басым бағыттарымен бірге нақтылы жүзеге асыру болып саналады, – деді Е.Ыдырысов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы
бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз