ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӘЙГЕ ЖЕҢІМПАЗЫ

100

0

Белгілі
қаламгер, респуб­ликалық «Үркер» журналының бас редакторы,
Халықаралық Алаш сыйлығының
иегері Қуандық Түменбай
қазақ сөзінің қарашаңырағы – Қазақстан Жазушылар
одағының 80 жылдығы қарсаңында тағы бір жетістікке қол жеткізді.

Түркия Еуразия Жазушылар одағы ұйымдастырған Халықаралық
Махмұд Қашқари атындағы қырыққа жуық жазушы қатысқан әдеби бәйге
мәресіне жетіп, «Кетпен» деген
бүркеншік есіммен атсалысқан ол екінші орынға ие болды. «Жерік әйелдің
желігі» және «Қанқызыл әлем» атты
әнгімесімен әдеби ортаны тағы бір дүр сілкіндірді.

Өткен жылы Елбасы Жар­лығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып,
ал­пыс­тың асқарына бет бұрған қаламдас
ағамыз бұған дейін де «Астана-Бәйтерек» және
«Сорос-Қазақстан» номинациялары бойынша әдеби бәйгеде жүлдегер болса,
биыл ҚР Мәдениет министірлігінің «Әдебиеттің
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 6 томдық шығармалар жинағын шығарып, ел алдында
есеп бергендей сыңайы бар. Кезінде «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде бірнеше
дүркін жүлдеге ие болған қаламдас ағамызға әлі де алаулайтын шақ алда дегенді
айта отырып, жазар көбейсін деген тілекті қоса тілер едік.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз