ХАЛҚЫН СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

82

0

Қазақ балалар әдебиетіне өзгеше өрнек, соны леп, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаев 90 жасқа толып отыр. Балалар әдебиеті классигінің туған күніне арнап №19 балалар кітапханасы «Балалықтың бал сырын әдебиетке әкелген» атты оқушылар арасында әдеби сайыс өткізді.

Сайыс қалалық демалыс саябағында «түнгі кітапхана» шарасы аясында өтті. Оған №173, №140, №223 мектеп оқушылары қатысты. Әдеби жарыста оқушылар жазушы шығармаларынан монологтар оқып, сотқар Қожаның рөлін сомдап, повестен қызықты көріністер көрсете білді. Логикалық сұрақтарға жауап берді. Сайыста белсенділік танытқан оқушылар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Қаламгер – жазушыға деген ұрпақ құрметі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта кітапхана ұжымы оқырмандарға арнап бірнеше шара өткізетін жоспарларын жеткізді.

Жарасхан Өтебалиев,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз