ХҚКО НЕСИЕ АЛУШЫҒА КӨМЕК БЕРЕДІ

56

0

«Сыр Медиа” жанындағы облыс­тық коммуникациялар орта­лы­ғында
Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Аида Әбибуллаева журналистерге арнап баспасөз мәслихатын
өткізді. Оған «АТФ Банк” АҚ Қызылорда
филиалының директоры Нұргүл Есіркепова және «Цеснабанк” АҚ филиалының басшысы
Ләззат Өмір­зақова мен БАҚ өкілдері
қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – Халыққа қызмет көрсету орта­лығының
облыс бойынша филиалындағы ақылы қызмет көрсетудің түрлеріне байланысты
түсіндірме жұмыстарын жасау.

Аталмыш орталық арқылы тұтынушыларға енді екінші
деңгейлі банктерден несие алуға байланысты қызмет көрсететін болады. Шарада Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ақылы негізде қызмет көрсетудің
жолдары туралы кеңінен талқыланып,
банктен несие алу барысында және құжаттарды рәсімдеу кезінде орын алатын қиыншылықтарды реттеу енді осы орталықта жүзеге асатынын жеткізді.

Бұл несие алушының өзге мем­лекеттік мекемеге
сабылмай, орта­лықтан жұмысын аяқтауға
жағдай жасап отыр. Негізінен қазіргі
таңда орталық екінші деңгейлі төрт банкпен тығыз байланыс орнатып, бірлесе
жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ақылы қызмет бойынша 13 мемлекеттік қызмет түрі
көрсетіліп отыр.

 

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз