«Ғибадат үйлерін салу және үйлерді ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

101

0

Кейінгі уақытта халықтың хал ахуалын жақсарту, жастарды имандылыққа баулу және діни сауаттылықты арттыру шараларын жүргізу жұмыстары қолға алынып, облысымыздың елді мекендеріндегі  ескі мешіттер жаңартылып, жаңадан мешіттер салынуда. 
Дегенмен ғибадат үйлерінің құрылысын салуда әліде болса заңнама талаптарына мән берілмей, құзырлы органдардың келісімінсіз мешіт құрылысын бастап кету жағдайлары жиі кездесуде.
Айта кету керек ғибадат үйлерін салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеу қызметтері 2012 жылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізіліп, осыған орай,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы №1311 қаулысымен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.
Жоғарыда аталған стандартқа сондай-ақ облыс әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №712 қаулысымен бекітілген регламентке сәйкес 2013 жылдан бастап аталған қызмет түрін «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) келісімімен «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырып келеді.
Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 
Ғибадат үйінің құрылысын бастамас бұрын алдымен Қызылорда қаласындағы Сырдария-Ақмешіт орталық мешіті арқылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан (бұдан әрі – ҚМДБ) келісім алынуы қажет. ҚМДБ тарапынан келісім келген жағдайда Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына аталған стандартқа сәйкес құжаттар тапсырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік  30 (отыз) күнді құрайды.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі: 8 (7242) 60-53-43. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі, №1.
Қажетті құжаттар тізбесі

Ғибадат
үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы
шешім беру

Үйлерді
(ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;

2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын
куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып
тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни
бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе
анықтаманың көшiрмесi.

Ескертпе:*
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа  енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны
(филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

3) тіркелген
діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы
еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі
болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни
қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде
(ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

4) ғибадат
үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық
жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат
үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында
сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда
ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

Жергілікті
қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған
жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына
қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың
аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль
жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда
ұсынылады).

 

  1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына   
қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;

 2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын
куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып
тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни
бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе
анықтаманың көшiрмесi.

Ескертпе:*«Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
қолданысқа  енгізілгенге дейін берілген
заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып
табылады;

 3) жылжымайтын мүліктің техникалық
паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер
учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не
салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

 4) жылжымайтын мүлiк нысанына
ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;

5) меншік
иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі
туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған
ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат
үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың
мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж,
келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни
қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

  7) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу
жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының
(жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының
ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі
(ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут,
автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады)
 келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы
(жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке
тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта
бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың
аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль
жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің
үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).

                                                                                                                       С.ҚОНАРБАЕВ,

Қызылорда облысының құрылыс, 
сәулет және қала құрылысы 
басқармасы басшысының орынбасары  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз