ИГІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

48

0

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында ұйымдастырылған
баспасөз-туры барысында ақпарат құралдары өкілдері Сырдария ауданында болған
еді.

Алғашқы аялдама туристерге арналған «Ғажайып әлем» демалыс аймағы болды. Ол облыс орталығынан жиырма шақырымдай қашықтықта жатқан Иіркөл жаға­сын­да орналасқан. ЖК директоры Светлана Когай бұған дейін
гүл бизнесімен айналысқанын жеткізді.

– Бизнес түрін ауыстырып, өз­ге бір
ерекше іспен айналысқанды жа­ным қалады. Жыл сайын жаз айла­рында Қапшағайға, Қамбашқа, Ыс­­тық көлге барып
демалып қай­тып жүрдім. Осындай сапарлардан кейін біздің қаламызда да сол жақ­­тағыларға
ұқсас демалыс орнын неге ұйымдастырмасқа деген ой келді, – дейді бұл туралы
Светлана бізбен әңгімесінде.

Жұмысты бастардың алдында кәсіпкер
аймақты тазартып алады. Осыдан соң жағалауға арнайы қызыл түсті құм жеткізіп,
жағалаудағы су түбін тереңдетті. Демалыс аймағында бес киіз үй және бес сәкі
орналастырылған. Одан бөлек, жоғары деңгейде қызмет көрсететін арнайы номерлер
бар. Балық аулайтын тоған ұйымдастырылып қойылған. Мұнда суда қайықпен
серуендеуге, жағалауда тоспадоп ойнауға болады. Бұл жаққа қаланың у-шуынан
тыныққысы келген қызылордалықтар отбасымен, ұжыммен келіп демалып қайтып жүр.

– Мұндай жобаны жүзеге асыру үшін мен
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңгелік грант алдым, –
дейді С.Когай, – бұл кәсіпкерлер үшін тиімді бағдарлама. Пайыздық ставкасы
төмен – жылдық өсімі алты пайыз ғана. Осындай қолдау жасап отырғаны үшін
мемлекетке рахмет айтамын.

Журналистер осыдан кей­ін ке­ле­сі
нысанда – Қайрат Қа­ни­ев бас­­қарған «Қайрат» неси­е қауым­дастығының шаруа
қожа­лы­ғында болды. Шаруа­шы­лық дарияның ескі арнасының суы қоршап жатқан аралда орналасқан. Табиғаты көр­кем аймақ
қалың тоғайларымен, тораң­ғылдар өскен алқаптарымен ерекшеленеді. Мұнда жабайы
аңдар да жеткілікті.

– «Жұмыспен қамту-2020» бағ­­дар­ламасының арқа­сын­да «Бай­­­­қоңыр»
ӘКК және «Ауыл ша­руа­­шылығын қаржылай
қол­дау қоры» АҚ филиалының ша­ғын
несиелендіру жөнінде ұйым­дастырған
конкурсын ұтып алдық, – дейді Қанат Қаниев, – 22 миллион теңге көлемінде
несие алдық. Жеңілдік мерзімі он се­гіз ай, әр тоқсан сайын төлем жа­сап
тұрамыз. Малмен айналы­суды әкемнен үйренгенмін. Сон­дық­тан, қауымдастық
мүшелері шаруа­шы­лық тізгінін маған сеніп ұстат­ты. Несиеге алған қаржыға
қырық мүйіз­ді ірі қара малын және қырық жылқы сатып алдық. Сүт, ет секілді
өнімдерімізді Қызылордадағы сауда орындарына өткіземіз. Келесі жылы сүт цехын
ашуды жоспарлап отырмыз, мұның өзі жаңа жұмыс орындары екені белгілі.

Ақпарат құралдары өкілдері болған соңғы
нысан жас фермер жетекшілік жасайтын «Жетіқазына-Бесарық» несие қауымдастығының
фермерлік шаруашылығы болды. Шаруашылық Бесарық ауылы аймағында
орналасқан. Қ.Мухимов «Байқоңыр» ӘКК
арқылы 40 миллион теңге несие алғанын айтты. Содан кейін әрқайсысы бес келі
тартатын «Кучинский», «Орловский» және
«Первомай» тұқымындағы 1500 тауық сатып алған. Алматы облысынан атақты Знаменск
сүт тұқымды елу ешкі алдыртқан. Шаруашылықта одан бөлек жылқы үйірі, отыз сиыр
және отыз бұқа бар. Өнімдерін қаладағы
базарларға өткізеді. Тапсырыс берген үйлерге жеткізіп беруді жолға қойған.
Фермерлер мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Шұжық цехын ашу жоспарлары бар. Шаруашылық жетекшісі мемлекеттік қолдаудың
арқасында ойлаған жоспарлары жүзеге асып жатқанын айтады. Енді тек жалқауланбай жұмыс істеу керек дейді. Қазір шаруашылықта
он жеті адам жұмыспен қамтылған, шұжық цехы ашылуымен тағы да жаңа жұмыс
орындары ашылады.

Баспасөз-туры соңында облыс­тық жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұр­лан
Аманханов бағдарламаның бас­ты мақсаты тұрғындарды жа­ңа мамандықтарға оқыту
мен жұ­мыспен қамту, жаңа кәсіптерін ашу­ға және оны дамытуға қолдау көрсету,
жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу екенін
жеткізді. Ол жа­ңа­дан жұмыс бастап жатқан бизнес өкілдерінің жобаларын қар­жы­ландыру
мәселелері шешіліп жат­қанын атап өтті.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз