ИМАМДАР БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

37

0

Қазіргі кей жастардың діни наным-сенімге деген еркіндікті өз мәнінде түсінбей, адасқан ағымдардың ықпалына түсіп қалуы жиі кездесетіні жасырын емес. Сондықтан дәстүрлі Ислам жолындағы діни қызметкерлердің  біліктілігін арттыру қажеттігі туындайды. Осы орайда, Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінде Сырдария ауданына қарасты ауыл мен қалалық мешіттердің имамдары бір айлық діни білім жетілдіру семинарында дәріс алуда.
Алла жолындағы қызметтері бір болғанымен, әрқайсысы әртүрлі ауыл-аймақтан келген имамдар семинар барысында оқып қана қоймай бір-бірімен етене танысып, тәжірибе алмасты. Оларға «Әл-Азқар» университетінен Исламтану факультеті бойынша білім алған Мейрамбек Жәмиев дәріс оқуда. 
– Имамдардың діни білім жетілдіру семинары жақсы деңгейде өтуде, – деді ол бізбен әңгімесінде. – Менің оқыған дәрістерім негізінен күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді қамтығандықтан имамдарға қызықты әрі қызу талқымен өтуде. Қорыта айтқанда, семинарға қатысушы имамдардың білім алуға деген құштарлығы жоғары деңгейде.
Дәріс алып жатқан имамдар семинар басталғалы біршама тың мәселелерге қанықты. «Бесіктен қабірге дейін ілім ізде» деп ардақты Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай білім мен тәжірибені арттыратын осындай пайдасы зор семинар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Әсел ЕСКЕНДІР,
орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз