ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҚҚА ҚАДАМ

139

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Қазақ елін өсу мен өркендеудің дара даңғылына баcтап, сара соқпағына салып келеді. Экономиканы әртараптандыруды, әлем нарығындағы қазақстандық үлесті көбейтуді, сонымен қатар еліміздегі шағын және орта бизнестің мүмкіндігін мультипликациялауды көздеген бағдарлама бүгінде шикізат экспортының әлеуетін арттыруға да басымдық беріп отыр. 2010-2014 жылдарды қамтитын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi тетiгi Қазақстанды Индустрияландыру картасы болып табылады.

Индустрияландыру бағдарлама­сы­ның мақсаты елдегі өндірістің бәсе­кеге қа­білеттілігін дамыта отырып, өнеркәсіп кә­сіпорындарының жұмысын жаңғырту болып табылады. Ал өнеркәсіпті дамы­ту мен жаңғыртудан не күтіледі? Ең ал­дымен – бұл жоғары еңбек өнім­ділігі, энергетикадағы тиімділіктің жо­ға­ры дәрежесіне қол жет­кізіп, шикі­зат­ты барынша тереңдете өңдеу, эконо­ми­каның барлық салаларында жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болып, өңір­лердегі кәсіпкерлікке серпін жасауы қажет. Мұн­шама ауқымды міндеттердің жүзеге асуы, сөзсіз, халықтың әл-ауқатын, әлеуе­тін көтермек. Сонымен бірге, ин­дустрияландырудың діттеген тағы бір маңызды бағыты – жаңа өнімдер, оның ішінде экспортқа бағдарланатын қа­зақстандық тауарлар шығару.

Еліміздің өңірлері өңдеуші өнер­кә­сіп­тің үлесін еселей отырып, индуст­рия­ландыру үдерісіне белсенді атсалысуда. Олардың қатарында, әрине, Қызылорда облысы да бар. Жалпы 2010-2014 жыл­дарға арналған Индустрияландыру кар­тасына Қызылорда облысынан құны бар­лығы 95,5 млрд.теңгені құрайтын 23 жо­ба енгізілген болатын. Оның ішінде 3 жоба республикалық, 19 жоба өңірлік Индустрияландыру картасында.

Оның ішінде 2010 жылы жалпы сома­сы 26,0 млрд. теңге құрайтын 11 жоба іске қосылып, жаңадан 401 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, оған қоса Индустрияландыру картасына енгізіл­меген жалпы құны 6,6 млрд. теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылып, жаңадан 530 жұмыс орны құрылды. 2011 жылы Карта аясында жалпы сомасы 52,7 млрд.теңге құрайтын 9 жобасы Индустрияландыру картасына енгізілген, жаңадан 518 жұ­мыс орны ашылды. Оған қоса, энер­гетика және мұнай-газ саласында 4 өндіріс жобасы жүзеге асырылды. Мұнай компанияларының («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «Торғай Петро­леум» АҚ) өз қаражаты есебінен салынған «Құмкөл» кен орнында 2 қосымша газтурбиналық қондырғысы. Жоба сағатына 50 МВт электр қуатын өндіруге, бұл өз кезегінде компанияның қажеттілігін қанағаттандырумен қатар артық қалған электр қуатын облыстың қажеттілігіне бағыттауға мүмкіндік береді. «Кеңлік» жаңа кен орнында ілеспе мұнай газын пайдалануды ұйымдастыру» жоба­сы («Саутс Ойл» ЖШС). Жоба бойынша жылына 8 мың тонна газ бензині және 40 мың тоннадан астам сұйытылған газ өн­діріледі. Оның бір бөлігін кәсіпорын өз мұқтажына жұмсаса, қалған бөлігі об­лыс тұрғындарына әлеуметтік бағамен жеткізіледі. «Ақшабұлақ» кен орнындағы қуаттылығы 300 млн. текше метр газды тиімді пайдалану кешені». Жобаны іске асыру тұрғындардың жылуға кететін шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» («БИС» ЖШС). Жоба жылына 2500 тонна бензин, 900 тонна дизельді отын, 13500 тонна мазут өндіруге мүмкіндік береді.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз етуге 2 жоба жүзеге асырылды. «РЗА» ЖШС-ның қуаты жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығаратын 660 ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы. Жоба бір сиырдан сауылатын сүт көле­мін жылына 4,5 мың литрден 11 мың литрге немесе 2,5 есеге арттыруға және алғашқы жылы облыс бойынша сүт өндіру көлемін 8 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. «Шапағат сүт» серіктестігінің нан зауыты. Зауыт аусымына 30 тонна нан өнімдерін өндіретін болады.

Аталған жобалардың жүзеге асыры­луы шикізаттық тәуелділіктен арылып, шикізаттық емес секторды дамытуға үл­кен септігін тигізеді. Индустрияландыру бағ­дарламасы аясында жобалардың жүзеге асырылуы, шикізаттық және жұмыс күші ресурстарымен қамтамасыз етуге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын табысты іске асыруға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі өңірдің экономикасының дамуына үлкен септігін тигізетін мұнай өңдеу, цемент, қоқыс өңдеу зауыттары, құс фабрикасы, логистикалық орталық­тар және т.б. құрылыстары сияқты ма­ңыз­ды жобаларды іске асыру мәселелері пысықталуда.

Өңірлік Индустрияландыру картасын­дағы 23 жобаның ішінде құны 78 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба 2010-2013 жылдар аралығында іске қосылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Олардың ішінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы бар, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлесін қосқан «Казгермұнай» БК» ЖШС халықты арзан бағадағы көгілдір отынмен, «РЗА» АҚ аймақ тұрғындарын және көршілес өңірлерді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар бар. Сондай-ақ, электр энергиясын өндіруге бағытталған 3 жоба, машина жасау өндірісіне серпін берген «Азов Арал Агромаш» БК ЖШС-ның күріш жаткасын, шағын тракторлар шығару жобасы, облыста химия өндірісін дамытуға ықпал жасаған Жаңақорған ауданында «СКЗ-U» ЖШС-ның күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. Күкірт қышқылы зауыты республика бойынша жалғыз күкірт қышқылын шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Мысалы, былтыр «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының ІІ кезеңі ретінде жалпы құны 4,3 миллиард теңге кө­ле­міндегі 18,5 мВт электр энергиясын өн­діретін энергокешенін іске қосты. Энер­­гокешеннің бір ерекшелігі күкірт қышқылын өндіру барысында бөлінетін будан электр энергиясы шығарылып, қор­шаған ортаға залалы тимейтін инно­вациялық өндіріс болып саналады. Бұл өндірістің Қазақстанда баламасы жоқ. Сонымен қатар, «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» кешені өткен жылдың желтоқсан айында жұмысын бастады.

Осы орайда алдағы уақытта ин­вес­­тициялық жобаларды жүзеге асы­ру бағытындағы жұмыс аймақтың әлеу­меттік-экономикалық дамуы үшін ғана емес, жалпы республика үшін маңызы бар ірі жобаларды жүзеге асыруға ба­ғыт­талатынын айта кеткен орынды. Олар «Шыны зауыты құрылысы» жоба­сы, «Баласауысқандық кен орнында қа­ра тасты автоклавты өңдеу» жобасы, «Жылдық қуаттылығы 4 млн. тоннаға дейін Шалқия қорғасын-мырыш кені­шін кеңейту және кен байыту фабри­ка­сының құрылысы», «Кеңлік кен ор­нында электр энергиясын өндіру үшін ілеспе мұнай газын өңдеу өндірісін ұйымдастыру», «Қуаттылығы 50 Мвт күн электрстанциясы құрылысы», «Мия тамырын өңдеу зауытын ашу және мия өсіру» және «Күн электрстанциясының құрылысы» секілді жобалар.

Бүгінгі өңірдің экономикасының дамуына үлкен септігін тигізетін мұнай өңдеу, цемент, қоқыс өңдеу зауыттары, құс фабрикасы, логистикалық орталық­тар және т.б. құрылыстары сияқты ма­ңызды жобаларды іске асыру мәселелері пысықталуда. Облыста жаңа өндіріс орындарын құруды қолдау бойынша да ауқымды жұмыстар атқа­рылуда. Ай­мақ­тың инвестициялық тар­тым­ды­лы­ғын арттыру үшін индустриялық ай­мақтар құру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Нақты кезеңде қаламыздан 760 гектарды құрайтын осындай аймақ құрылып, оған инженерлік инфра­құры­лым жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бұл аймақта шыны зауыты, жаңа жылу-электр орталығы, ірі торапты электр ба­тырмалы қондырғыларды жинақтау өндірісі және тағы басқа да өнеркәсіп кә­сіп­орындарын салу жоспарланып отыр.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 27 қаңтардағы Қа­зақстан халқына Жолдауында еліміздің ертеңі индустрияландыру дамудың айқын бағыты екені баса айтылған еді. Кейінгі жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар қазірдің өзінде ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Мыңдаған адамдар жұмыспен қамтылды, тауарлар мен өнімдер, жұ­мыстар мен қызметтер бойынша қазақ­стандық қамту үлесінің көлемі артты.

Белгіленген стратегиялар мен жоба­ларды жүзеге асырудағы, қазақстандық мазмұнды арттыру жөнінен инвестор­лармен жұмыстағы, «Жол картасы” және басқа да іс-шараларды жүзеге асы­рудағы белсенді, жүйелі және Үкіметтің әкімдіктермен, сол сияқты, бизнес-қауымдастықтармен бірлескен жұмысы арқылы Қазақстан алға қойған мақсаттарын орындап келеді. Мемлекет басшысы экономикалық және индустриялық сая­саттың барлық мәселелері келесі ин­те­грациялық саты – Еуразиялық эконо­микалық одақты құруға дайындық жағдайында экономиканың өсуіне ғана қолдау көрсетіп қоймай, сонымен бірге, оның құрылымдық қайта жаңғыруын да жеделдету қажеттігі жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында: «Құрметті отандастар! Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыс­тың ұзақмерзімді басымдықтары белгі­лен­ген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуі­міз керек. Бірінші. Инновациялық ин­дуст­рияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2015-2019 жылдарға арналған Үдеме­лі индустрияландырудың Екінші бес­жыл­дығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек», – дейді. Сонымен қатар, Жолдаудың соңғы жақтарында: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арма­ны. Егеменді дамудың 22 жылында бар­ша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжіри­бесі» дей отырып, «Төртін­шіден, бұл ин­дуст­рияландыру мен инновацияларға не­гізделген экономи­калық өсім» деп атап өтеді.

Жуық арада ғана ел Үкіметі Ин­дуст­риялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға есептелген мем­­ле­­кеттік бағдарламасының жо­ба­­сын ма­­құлдады. Мемлекет бас­шы­­сы оны бе­­кіт­кеннен кей­ін шара­лар­дың тыңғы­лықты жоспары қа­был­дан­ды. Екінші бесжылдықтың бағ­дар­­ламасын осы жылы аяқталғалы тұр­ған бағдарламаның жалғасы деп бі­лу керек. Ол Елбасы тапсырмасы бой­ынша дамыған отыз елдің қатарына кі­ру­ді діттейді. Алдағы бесжылдықта басымдық берілген салалардың саны аз болады. Атап айтқанда, олар: мұнай өңдеу мен химия саласы, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін шығару, ма­ши­на жасау, құрылыс заттары мен металлургия салалары. Бұл бағ­дар­ламада кластерлерді дамыту қарас­ты­рылған әрі инновациялық және тех­но­логиялық жаңғыртуға баса көңіл бө­лінген. Салалық бағдарламалар алынып тасталған бесжылдық межеде кластерлік тәсілдемеге бизнестің белсенді қатысуы мен жекеменшік инвестициялардың жүй­е­­лі түрде тартылуына барынша мән бе­ріледі. Екінші бесжылдық төрт ба­ғыт бойынша дамытылатын бола­ды. Біріншісі, макроэкономикалық тұрақ­тылықты және қаржылық базаның өсімін қамтамасыз етуі тиісті шикізаттық сектор. Екіншісі, өсім сапасын қамтамасыз ете­тін өң­деу өнеркәсібі. Үшіншісі, бола­шақта бәсеке­лестікті қамтамасыз ете­тін инновациялық сектор. Төртіншісі, адам­дарды жұмыспен қам­титын сектор.

Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз