ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ: САПАЛЫ ӨСУДІҢ ИГІЛІГІ

50

0

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның
әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Өзінің
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар
мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және
рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер,
өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деп
тұжырым жасаған болатын.

Елбасы бекіткен Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы Отанымызда білімді ойдағыдай жүзеге асырудың маңызды құжаты болып
табылады. Осы құжат бойынша жұмыстарды іске асыру мақсатында ХХІ ғасырдың
білімді де білікті тұлғасын қалыптастыруда біздің облысымызда жүйелі жұмыстар
жүзеге асырылуда.

Оқу жылының басында облыс әкімі
Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Сыр өңірінде білім берудің сапасын дамытудың
Жол картасы қабылданды. Оның қаржылай негіздемесі жасалды.

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Балаларды мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиемен толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
Облыста да аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2013 жылы мектепке дейінгі ұйымға балаларды
қамту үшін 2,5 млрд. теңге бөлінсе, биыл қаражат көлемі 4,2 млрд.-қа жетіп, 1,7
пайызға артты.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру
барысында өткен жылы 460 орындық 4 балабақша пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы
1200 орындық 5 балабақша құрылысы жүргізілуде. Осылайша облыстағы мектепке
дейінгі ұйымдар желісінің саны 555-ке, жекеменшік балабақша саны 163-ке жетті.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қарқынды өсуіне мемлекеттік-жекеменшік серіктестік
әдісін енгізу түрткі болды. Соңғы оқу жылында мектепке дейінгі мекеме саны 47-геөсті.

Бүгінгі таңда бағдарлама кестесі
мерзімінен бұрын орындалып, 3-6 жас арасындағы сәбилерді мектепке дейінгі
тәрбиемен қамту 87 пайызға жетті. Бұл көрсеткішті облыс бойынша жыл аяғына
дейін 93 пайызға өсіріп, 2015 жылдың өзінде100%-ға жеткізу көзделуде.

Облыс бойынша 90 балабақшада 130
бөбекжай бар. Онда 1-3 жас аралығында 2112 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Бөбекжай топтарына балалардың қамтылу
деңгейі республика бойынша 15,9 пайызды құраса, облыста бұл көрсеткіш 5,1 пайыз
ғана. Мәселен, Сырдария ауданында 1-3 жас аралығында 1917 бала болса да,
бөбекжайға олардың тек 20-сы ғана
тартылған. Ал демографиялық ақуалға сүйенетін болсақ, Арал, Қазалы аудандары
мен Қызылорда қаласында мектепке дейінгі, оның ішінде 1-3 жас аралығындағы
балалар саны көп, дегенмен, олардың бөбекжай топтарына қамтылуы Шиелі,
Жаңақорған аудандарымен салыстырғанда2-3 есе төмен.

Алдағы уақытта облыс бойынша бөбекжай
топтарына сұраныс көп болғандықтан, оны көптеп ашу бағытында мүмкіндіктерді
саралай отырып, жұмыстардыжандандыруға тиіспіз.

Орта білім

Облыста 291 жалпы білім беретін
мектеп бар. Соңғы жылдары облыстағы білім беру ұйымдарының желісі өсуде. 2011,
2012 жылдары жалпы білім беретін 290
мектеп болса, өткен жылы 2 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, жалпы білім
беретін мектептер саны көбейді, қазақ мектебінің саны артты.

Елбасының тапсырмасына сәйкес
облыстағы жүргізілген құрылыстар есебінен 2013-2014 оқу жылында 3 ауысымда
оқитын мектептер қатары толық жойылды.

Апаттық жағдайдағы мектептердің саны
азайды. Облыста қазіргі таңда 25 апаттық мектеп болса, оның 11-нің құрылысы
жергілікті бюджет есебінен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Елімізде 2013-2014 оқу жылының 1 қыр­күйе­гі­нен
бастап ағылшын тілін бірінші сыныптан оқы­ту енгізілді. Бұл көптілде білім
беруді енгі­зу­дің алғашқы асуы болды. Осыған орай, тиісті шаралар қабылданды,
оқушылар оқулықтармен толық қамтылып, білім ұйымдарында мамандар жеткілікті
болды.

Биылғы жылы мектептің білім
бағдарламасына ҚМУ профессор-оқытушылары дайындаған «Қы­зыл­орда облысының
географиясы», «Қызылорда облысының жануарлар әлемі», «Қызылорда облысының өсім­діктер
әлемі» оқу құралдары енгізілді.

 

Ұлттық
бірыңғай тестілеудің нәтижелері

2013-2014
оқу жылында мектеп бітірген 7064 оқушыданҰлттық бірыңғай тестілеуге 4987
мектеп бітіруші қатысты. Бұл білім беру ұйымдарының жылдан-жылға ҰБТ-ға
даярлығын күшейткенін, мектепішілік бақылаудың жүйелі жүргізілгенін, сондай-ақ,
балалардың өз біліміне сенімдерініңартқанын көрсетеді.

Облыс
әкімінің қолдауымен 58 млн. теңгегеоқу-әдістемелік құралдар алынып, тегін таратылды. Бұл жұмыстар мектеп
бітірушілер мен ұстаздар қауымының бірлескен дайындық жұмыстарын жандандырды.
Сонымен қатар, 2013 жылдан бастау алған жыл бойына жұмыс жасау жүйесіндегі
«Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру» орталығында мектеп бітірушілер
ең озық, тәжірибесі мол ұстаздардан дәріс алды.

Мектеп
бітірушілер арасында ҰБТ -ға дайындық мақсатында логикалық олимпиадалар, он
лайн режиміндегі сынама тестілеулер жүргізілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде
ҰБТ бойынша орташа балдық көрсеткіш
74,2 пайызды құрады. (2013 жылы 73,3).
Өткен жылмен салыстырғанда 1 балға жоғарылады. Қатысу пайызы 64 пайыздан 72,5
пайызға өсті.

ҰБТ
қортындысымен 94 «Алтын белгі» үміткері өз тілеулестерінің көңілінен шықты,
олардың 37,7 пайызы өз білімдерін дәлелдеді (2013 жылы 33 пайыз болған).

Тағы бір
жағымды жаңалық, облыстағы №10 қазақ-түрік лицейі мен қаладағы №2 «Мұрагер»
мектебі Республиканың ең үздік 100
мектебі қатарына енді.

 

12
жылдық білім беруге көшуге дайындық

Қазақстан
білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық
мәселелерінің бірі 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Бұл жоба
2015-2016 оқу жылынан бастап іске қосылады. 2015 жылы 12 жылдық білім берудің
алғашқы кезеңіне көшуге байланысты ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті оқу
стандартының бастауыш сыныптар бойынша жобасы қабылданып, облыста №31 орыс
тілді және №2 «Мұрагер» мектептеріндесынақтан өткізілуде.

Бүгінгі
таңда халықаралық және Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесінің негізінде
12 жылдық мектеп қызметінің тұжырымдамалық тәсілдері айқындалды. Осы мақсатта
облыстағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат пен №3 мектеп-лицей
базалық мекеме ретінде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 12 жылдық білім берудің
моделіне көшу қарсаңында шағын мектептердің жинақталған түйіндемесін шешу
мақсатында олардың саны көп Арал, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласында 3
ресурстық орталық ашу жоспарланған. Осындай тірек мектептерінің
материалдық-техникалық базасы заманауи жабдықталған, олар асхана, жатақхана,
тасымал автокөлігімен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған сәйкес тиісті есептерін
шығарып, қажетті қаржысын қарауға аудан, қала әкімдеріне ұсыныстар
берілгенімен, ол мәселе осы уақытқа дейін өз шешімін таппай отыр.

 

Дарынды балалармен
жұмыс, олимпиадалар мен байқаулар қорытындысы

Облыста жоғары және тұрақты
нәтижелерге қол жеткізген, интеллектуалды іс-әрекетке бейім әрі қабілетті
дарынды балаларды қолдау мақсатында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Шәкіртінің әр түрлі пәндік
олимпиадалар мен ғылыми жарыс­тарда жеңіске жетуі – әрбір ұстаздың абыройы, мерейі. 2013-2014
оқу жылында облыстан 50 оқушы Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба
сайыстарына қатысып, 9 алтын, 9 күміс
және 16 қола жеңіп алды.

Биылғы жылы Халықаралық,
республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 34 оқушы ҰБТ-дан
босатылып, жоғары оқу орындарының грантына иеболды. Ал 2012 оқу жылы бұндай
оқушылар саны 13 болатын.

Облыста тұңғыш рет №9 дарынды балаларға
арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Асқарбек Орақов
Қазақстан Республикасының команда құрамына енгізіліп, Индонезия елінде биология
пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың «Күміс медаль» иегері атанды.

Сонымен қатар, VІ Президенттік олимпиадасында
алғаш рет облыстық №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік
лицей-интернатының оқушысы Әлмаханова Жанна «Алтын медаль» иеленсе, №9 облыстық
дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары Ким Антон
және Камал Ерназар «Күміс медаль» иеленді.

Үстіміздегі жылы республикалық пәндік
олимпиада мен ғылыми жобалар
сайыстарының қорытындысы бойынша облыстық команда – «Үздік олимпиада
командасы-2014» номинациясымен марапатталды. Оқушыларға ғылыми тұрғыдан жетекшілік
жасаған Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушы-профессорларына ұстаздар қауымы атынан
ризашылық білдіреміз. Биылғы жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздан дарынды балаларға арналған
академик Шахмардан Есенов атындағы орталық құрылысын бастаудың мәселесі
шешілді. Біздің міндет – талантты балалар мүмкіндігінің көкжиегін кеңейту.

 

Қосымша білім

Қазақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
жалпы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін халықаралық апробациялық
TIMSS зерттеулері ағымдағы жылы Қызылорда қаласында №6, №11 орта мектептерінде
және PISA-2012 зерттеуі бойынша 12 білім ұйымында 357 оқушы қатыстырылып,
жүргізілді. Олардың нәтижелері қуантарлықтай емес. 2015 жыл – осы зерттеулерді өткізу жылы.

Осыған орай, білім беру ұйымдарының
басшыларына PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне жүйелі түрде оқу жылының
басынан бастап, айрықша зер салып айналысу қажеттігі туындайды. Осы мәселемен
айналысатын жұмыс тобына білікті кадрларды тарту керек.

Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы
қосымша біліммен қамтылу 50,8 пайыз болып отыр. 2012-2013 оқу жылы қорытындысы
бойынша ол 10 пайыз көлемінде болды. Қосымша білім беру ұйымдарында бала санына
шаққанда Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында қамтылу 40 пайыздан
төмен деңгейді көрсетіп отыр.

Сондықтан, аудандық және қалалық
білім бөлімдерінің үлкен мән беретін мәселесі – жалпы білім беретін
мектептерден баланың жеке басының ерекшеліктері мен оның тұрып жатқан аумағын
ескере отырып, спорт секцияларын, техникалық бағытта үйірмелер, клубтарды ашу
және 1200 орындық мектеп базасындағы қосымша білім беру орталықтарында жобамен
25750 балаларды қамтитын 259 қосымша үйірмелерашу бағытында жұмыстар жүргізу қажет. Алдағы уақытта, аудан, қала
әкімдерінің қосымша білім беру ұйымдарымен қамтуды 70 пайызға жеткізу
бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсету сұралады.

 

Ыстық тамақты ұйымдастыру

Облыста әлеуметтік күнкөрісі төмен
отбасы балаларын жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тегін ыстық тамақпен және
киім-кешек, оқу-құрал жабдықтармен, оқулықпен түгел қамту іске асырылған.

Барлық аудандарда өткен жылы 1-сынып
бойынша тегін ыстық тамақ беру мәселесі шешімін тапқан болатын, биылғы жылы
облыстық бюджеттен 605,0 млн. теңге қаралып, 2-сынып оқушылары да тегін ыстық
тамақпен қамтылды. Сөйтіп облыс әкімінің1-2 сыныпты ыстық тамақпен қамту жөніндегі тапсырмасы толық орындалды.
Аз қамтамасыз етілген отбасы балалары да толық ыстық тамақпен қамтылды. Дегенмен,аудандық және қалалық білім бөлімдеріыстық тамақты ұйымдастыру сайыстарына қатысушылардан өз қызметтерін
кеңейтуді талап етулері тиіс. Сонымен қатар мектептегі ыстық тамақты
ұйымдастырудың жаңа үлгідегі қызметін ұсынатын әріптестер іздеу керек.
Халықаралық, республикалық жаңашыл тәжірибелерді енгізу арқылы көптеген жетістікке
жетуге болатыны анық.

 

Тасымалдау

Облыс көлемінде мектебі жоқ 40
елді-мекен бар. Ондағы тасымалдауды қажет ететін 872 баланың 94,4 пайызы тегін
тасымалдаумен қамтылған. Алайда, Арал ауданынан 27 бала, Қазалы ауданынан 22
бала, барлығы 49 бала мектепке тасымалдаумен қамтылмай отыр.

Жаңа оқу жылында оқушыларды мектепке және кері
қарай үйіне тасымалдау мәселесі оң шешімін табуы тиіс.

 

Жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

Облыс бойынша бүгінгікүні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1007 бала тіркеуде тұр.

Жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мақсатында біршама
жұмыстар жасалуда. Осыған сәйкес, облыстағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азаюда.

Жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар облыс әкімінің назарында. Үстіміздегі жылы
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған 19 бала (Қызылорда қаласы-17, Жаңақорған-2) баспанаға ие
болып, жұмысқа орналастырылды. Оның 5-і
балалар үйінің түлегі. Осындай игі жұмыстар барлық аудандарда да жалғасын табуы
қажет.

Облыс әкімінің қолдауымен отбасылық
үлгідегі «Балалар ауылын» бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен салу
жоспарланып, көлемі 5,0
гектар жер учаскесі бөлінді. Оны келер жылы қолданысқа
беру жоспарлануда.

 

Инклюзивті білім беру

Білім жүйесін өркендету барысында
мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оларға
сапалы білім беру мәселесі де қалыс
қалған емес. Бүгінде оларға 17 арнаулы білім беру ұйымдары қызмет
жасайды.

Дені сау ұрпақ – ұлт қазынасы, бала
денсаулығы – басты назарда. Осыған орай, үстіміздегі жылы облыс әкімінің
тапсырмасына сәйкес стоматология кабинеттері мен Эрисман парталарына және білім
алушыларды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 610,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

Республиканың басқа облыстарында
логопункттерді ашу бойынша көрсеткіш20-50 пайызды қамтыса, ол Сыр бойының 18 мекемеде ғана ашылып жұмыс
жасауда. Бұл 3 пайызды ғана құрайды. Бұл көрсеткіштің республика көлемінде ең
төменгі көрсеткіш екені өзінен белгілі. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру кезек
күттірмейтін мәселе болғандықтан аудан,қала әкімдерінің қолдауы қажет. Өйткенібұл – біздің заң алдындағы да, ар алдындағы да міндетіміз.

 

Тәрбие бөлімі

Біздің тәрбие жұмысымыздың негізгі
бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын
алу. Облысымыз бойынша 2014 жылдың 7 айында кәмелетке толмаған балалармен,
жасөспірімдермен 52 (2013-74) қылмысжасалған.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл
көрсеткіш 29,7 пайызға азайған.

Жазғымаусымдағы демалысты ұйымдастыру

Осы жылдың басты жаңалығы –
өңірімізде дарынды балаларды қолдау мақсатында балалар мен жасөспірімдердің
тынығу лагерьлерін жыл бойы жұмыс жасау жүйесіне ауыстыру жұмыстары
жүргізілуде.

Бұл ретте, Жаңақорған ауданында
орналасқан жыл бойы жұмыс жасайтын «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім
беру орталығының» жұмыстары өз тиімділігін көрсетті. Алдағы оқу жылында дабұл жұмыс өзжалғасын табады.

2014 жылы жалпы жазғы демалыстағы
іс-шараларға балалардың 92 пайызы
қамтылды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесін дамыту мен түйінді мәселелер

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына
арнаған өз Жолдауында техникалық және кәсіптік білім берудің дуальды
технологияға негізделген жаңа жүйесін қалыптастыру жөнінде нақты тапсырма
берген болатын.

Облыстық білім басқармасы облыстың
кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып «Дуальды оқытудың Жол картасына» сәйкес 8 оқу орнын 23 мамандық
бойынша «экспериментальді алаң» ретінде белгілеп, дуальды оқыту технологиясының
элементтерін енгізу бағытындағы жұмыстар жүргізуде. Бұл тәжірибе республикаға
насихатталуда.

Әкім тапсырмасына сәйкес оқу
орындарын салаландырудың нәтижесінде 2014 жылыжаңа 10 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Өткен оқу
жылында 13 жаңа мамандық ашылып, соңғы екі жылда барлығы 17 мамандық бойынша маман даярлау оңтайландырылып
қысқартылды.

Қазіргі таңда, аймақта тау-кен,
металлургия кластерін дамытуға айрықша көңіл бөлініп, сұранысқа ие кадрларды
даярлау өзектілігін көрсетуде. Осы орайда, Шиелі индустриалды-аграрлы колледжін
аймақта металлургия кластерінің қалыптасуына байланысты осы салаға қажетті жұмысшы және орта буын
мамандарын даярлайтын «Шиелі тау-кен металлургия колледжі» ретінде қайта құру
жұмыстары жүргізілуде. Осы мамандықтарға 27,0 млн. теңгеге мемлекеттік тапсырыс
орналас­тырылды.

Сонымен бірге үстіміздегі жылы
Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің 600 орындық оқу ғимараты мен 200 орындық жатақханасы бар
жаңа кешенінің құрылысын бастау дакөзделіп отыр.

Өткен жылғы тамыз кеңесінде кадрлар
даярлауда бизнес құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажеттігін
көрсеткен болатын. Сол тапсырма аясында,мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мамандарды қайта даярлау, олардың
біліктілігін үздіксіз арттыруға қажеттізаманауи үлгідегі халықаралық тренинг орталығын құру бағытында, шетелдік компаниялармен келісімдер
жүргізілуде.

 

Педагог қызметкерлердің сапалық
құрамы

Оқу-тәрбие үдерісінің негізгі тұлғасы
ұстаз екенін ескерсек, оларға қойылатын талаптың да жоғары болатыны сөзсіз.

Облыстық білім саласының жалпы білім
беретін мектептерінде 18096 педагог бар.Осы педагог қызметкерлердің ішінде
жоғарғы санаттысы өткен жылы 4,4 пайыз болса, биыл 6,3 пайызға өсті. Ал,
I-санатты мұғалім өткен жылы 37,2 пайызды құраса, биыл ол 42,4 пайызға өсті.

2014 жылы «Назарбаев зияткерлік
мектептері» акционерлік қоғамының деңгейлік оқу бағдарламасы бойынша 1102
педагог қызметкер үш айлық курстан өтеді.Дегенмен, білім сапасын арттыруда олардың орнын көре алмай отырмыз. Осыған орай, мектеп басшылары осы педагогтардың
өз шеберліктерін мектепке енгізу үшін
жоспарлы түрде жұмыс жүргізуін қатаң қадағалауы тиіс. Өйткені, әрбір курстан
өткен маманға мемлекет арнайы қомақтықаржы бөлді. Демек, соның қайтарымы болуы керек емес пе?

Педагогтардыңмәртебесін көтеруде облыс әкімі
пәрменді іс-шаралар атқаруда. 2013-2014 оқу жылында облыс әкімінің тапсырмасы
бойынша үздік педагог қызметкерлерге
арналған әрқайсысы миллион болатын 40сыйақы тағайындалды. Биыл ол
жұмыстар жалғасын табуда.

Біз, ұстаздар қауымы, әр кезде де
біздің күрделі әрі көркем қасиеттерімен ерекшеленетін, қайталанбайтын адам
тұлғасын қалыптастырудың ғажайып процесін басқаратынымыз жөнін­де ешқашан ұмытпауымыз керек. Адамзат
алдындағы осы асқақ борышымызды абыройлы атқару үшін әрқайсымыз әрдайым педагогикалық ғылымның
жаңа жетістіктері мен озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өзіміздің
шеберлігімізді жетілдіре беруге міндеттіміз. Өйткені, әрбір ата-ана бізге ең
қадірлі де қымбатты ұрпағының білімі мен тәрбиесін сеніп тапсыруда. Оның үстіне
ұстаздар қауымы мемлекет тарапынан білім саласына жасалып жатқан қолдауға нәтижелі
еңбекпен жауап беру керек.

Білім сапасын көтеру – мәртебесі
биік, маңызы зор, ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде жолындағы еңбектеріміз табысты да
абыройлы болғай.

Наурызбай
БАЙҚАДАМОВ,

облыстық білім басқармасының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз