ҚИЯҒА ҚАНАТ СЕРМЕГЕН

77

0

Жақында
биылғы мектеп түлектерінің бір тобын көршілес Ресей мемлекетінің жоғары оқу
орындарына шығарып салу рәсімі болып өтті.

Аймақ
басшысы К.Көшербаев­тың қолдауымен өңірдің иннова­ция­лық және индустриялық даму
бағдарламасына сәйкес қа­жет­ті мамандықтардыдаярлау мақ­сатында 70 талапкер Ресей Федерациясының бюджеті есебінен
Мәскеу технологиялық зерттеууниверситетіне оқуға қабылданды. Атап айтқанда, биылғы оқу жылынан
бастап осы оқу орнының ақпараттық технологиялар институтының үш мамандығы
бойынша – 14, жаңа материалдар институтының төрт мамандығында – 27, экотехнологиялар
және тау-кен институттарының төрт мамандығында барлығы 29 бала білім алады.

Сонымен
қатар қаладағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз”, «Айдан-мұнай”,
”Қуатамлонмұнай” компанияларымен жасалған келісім-шарт негізінде 12 бала ақылы
түрде «технологиялық машиналар және жабдықтар”, «материалтану технологиялары” мамандықтары бойынша оқуға
жіберілді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан
Сайлыбаевтың мәлімдеуінше, олардың оқу ақысы, шәкіртақысы және жатақхана ақысы
осы компаниялар есебінен төленеді. Ал
Санкт-Петербург технологиялық университетіне жол тартқандардың 22-сі Ресей
мемлекетінің бюджеті есебінен оқиды. Тағы бір жағымды жаңалық, көрші
мемлекеттің оқу грантын иеленген Сыр өңірінің жас­тары жатақхана ақысын
жартылай төлейді.

Бүгін
Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдап,
қияға қанат сермеген жастардың келешекте білімді де білікті маман болып
оралатынына, туған жерді түлетуге, ел экономикасын арттыруға атсалысатынына
сенім мол.

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз