КЕДЕНШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ

64

0

Қызылордалық кеденшілер ұжымда жарияланатын дәстүрлі Донор күніне ұйымшылдықпен
қатысып, отыз қызметкер қан тапсырды.

Облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы облыс бойынша кірістер
департаментінің Тасбөгет кентіндегі ғимаратында болып, мемлекеттік
қызметшілерден қан қабылдады.

Бұл игі дәстүр мұнда он жылдан аса жалғасын тауып келеді. Дәрігерлер
қайырымдылығы мен ұйымшылдығы үшін кеденшілерге алғыстарын білдірді.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз