Облыс бойынша кедендік бақылау департаменті тоғыз айды
табысты қорытындылады. Олар жыл басынан бері бюджетке 8 млрд.
618,5 млн. теңге кеден баждары мен салықтарын түсірді. Төлемдердің негізгі
үлесін қосымша құн салығы мен кеден бажы құрайды.
Экспортталған
тауарлардың 80 пайызы мұнай және газ өнімдерінің үлесіне тиесілі десек, сыртқа
жөнелтілетін табиғи уран концентраты 13 пайызға тең. Осы аралықта облыстың
сыртқы сауда айналымы 849 млн. 224 мың АҚШ долларына жетсе, талдау
көрсеткіштері өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда импорттың – 43, ал
экспорт көлемінің 22 пайызға төмендегенін көрсетеді.
Кеденшілер
есепті кезеңде он бес қылмыстық іс қозғады, оның тоғызы тауарларды шекарадан
кеден бақылауынан тыс немесе жасырын өткізу фактілеріне қатысты екен. Қалғандары
кеден бажын және төлемдерін төлеуден жалтару, жалған құжаттар жасау, дайындау
немесе тауарды өткізуге пайдалану фактілері. Сондай-ақ, әкімшілік құқық
бұзушылықтар бойынша тоқсан тоғыз іс қозғалып, 3 млн. теңгеден астам айыппұл
салынып, оның алпыс үш пайызы өндірілген.
Өткен тоғыз айда
жүргізілген бес жоспарлы және он камералдық тексерулер нәтижесінде 155,2 млн.
теңгенің кедендік төлемдері мен салықтар қосымша есептеліп, 93 млн. теңге
өндіріліпті. Тексеруге алынған тұлғалар негізінен тауарды тауар номенклатурасына
сәйкес сыныптамау, тауардың кедендік құнын төмендету, тауарлар мен көлік құралдарын
декларацияламай өткізу сияқты заң бұзушылықтарға жиі жол берген.
Б.СМАЙЫЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!