КЕНЕГЕ КЕЗДЕСПЕҢІЗ

44

0

Күн өткен сайын Қызылорда облысында кене шаққандар саны артып отыр. Өткен аптаның өзінде 62 тұрғынды кене шағып, дәрігерлерге қаралған. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары хабарлауда. 
Олардың 3-і Қазалы ауданынан, 6-ы Қармақшыдан, 4-і Сырдариядан, 9-ы Шиеліден, 14-і Жаңақорғаннан болса, 26-сы Қызылорда қаласынан тіркелген. Осылардың ішінде сегізі ауруханаға жатқызылған. Алтауы Қырым қанды безгегіне тексерілген.   Сондай-ақ, өткен аптада 9949 кене жиналса, соның 83-нен оң нәтиже анықталған. 
Департамент мамандарының айтуынша, облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласының өзін Қырым қанды безгегінің табиғи ошағы деп айтуға болады. Себебі, аймақтың барлық жерінде белсенді кенелер кездеседі. Мәселен, 2013 жылы өңірде қауіпті деген 98 елді мекен анықталса, биыл олардың саны 116-ға жетіп отыр. Осы орайда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі Мира Боранбаева ағымдағы жылғы эпидемиологиялық маусым ойдағыдай болмауы мүмкін деген болжам айтуда. Оның үстіне, күзде негізінен ірі жыныс мүшесі жетілген, жануарларға және адамдарға шабуыл жасайтын кенелер кездеседі. Ал, қысқы суыққа олар төзімді. Сондықтан, күн жылынғанда олардың саны артуы мүмкін. 
Ведомстводағылар кенеден келер кеселді анықтауға дайындықтың ойдағыдай екенін атап өтті. Аса қауіпті инфекциялар зертханасы заманауи қондырғылармен жабдықталып, қан плазмаларының қоры жаңартылған.
Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз