КЕЗЕКТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

61

0

Қызылорда қаласы бойынша кірістер
басқармасы салық төлемгерлеріне сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытында
нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Салық төлемгерлерінің салықтық мәдениетін
арттыру, қызмет көрсетуді жаңаша деңгейге көтеру бағытында қажетті іс-шаралар
қолға алынған. Осының нәтижесінде электронды салық төлемгерлерінің саны салық
басқармасында тіркелген барлық салық төлемгерлерінің 90 пайызынан асып, оларға
электронды мемлекеттік қызмет көрсету түрлері де жылдан жылға көбейіп келеді.

Үстіміздегі жылдың қараша айының алғашқы
күндері Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасының салық есептіліктерін
қабылдау және өңдеу орталығында республика бойынша Астана, Алматы қалалары,
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан кейін «Кезекті басқарудың электронды
жүйесі» (КБЭЖ) енгізілді. Аталмыш жүйені енгізудің көмегімен әр қызметкердің
терезесінің алдында орнатылған сенсорлық экранның көмегімен көрсетілген қызмет
сапасының бағасы көрсетіледі. Экранда салық төлемгерлері мемлекеттік қызмет
көрсетушінің құзыреттілігін, сыпайылығын, қызметкердің қызмет көрсету
жылдамдығын немесе оның клиентке көмектесу ниетін бағалайды. Нәтижелердің
барлығы КБЭЖ-да тіркеледі. Кейін талдау қорытындысымен кірістер басқармасының
жұмыс сапасын жақсарту бағыттары нақтыланады.

Енгізілген «электронды жүйе» бойынша
орталыққа келген салық төлемгерлері терминал арқылы кезекке талон алып, операциялық
залда орнатылған экран арқылы өз кезегін бақылап кезегі келген мезетте
мемлекеттік қызмет көрсетуші салық қызметкерінен тиісті қызмет түрлерін ала
алады.

– Енгізіліп жатқан электронды жүйе салық
органына да кәсіпкерлік субъектілеріне де уақытты тиімді пайдалануға көп
септігін тигізіп жатқаны сөзсіз – дейді салық агенті Ләззат Мәлікова, – Осы
кезеңге дейін мемлекеттік қызмет алу үшін кезекте тұрушы едік, енді залдағы
орындықта отырып осында орналасқан экран арқылы, қай терезеге барып тиісті қызмет
алатынымызды нақты біліп отырамыз.

Кірістер басқармасы алдағы кезеңде де
мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жақсарту бағытындағы жұмыстарын әрі қарай
жалғастырады. Бекітілген жоспар бойынша келесі жылдың еншісінде жаңа үлгідегі
салық есептілігін қабылдау және өңдеу орталығы салынып, салық төлемгерлерінің
игілігіне берілмек.

Райан Ақниет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз